№19 және 70 автобустардың маршруттары өзгертіледі |
Оқылды:
23
№19 және 70 автобустардың маршруттары өзгертіледі деп жоспарлануда. Енді олардың соңғы аялдамалары «Metro» супермаркеті болады.
Ол жайлы аймақтық коммуникациялар қызметінің брифингінде КШ, жолаушыларды тасымалдау көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы Әлібек Дүйсембеков мәлімдеді.
— Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан «Панель-орталық» жаңа ықшам ауданы тұрғындарының ыңғайлылығы үшін біз жаңа №65 маршрутты іске қостық, ол сәтті жұмыс істеп жатыр. сонымен қатар біз осыған дейін де болған №70 және №19 маршруттарды да сәл ұзартуды ұйғардық. Енді олар «Metro» супермаркетіне дейін барады да, соңғы аялдамалары сол жерде орналасады, — деп мәлімдеді ол.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қарағаныда тағы бір марштур іске қосылған болатын — №50. Автобус қалаға Шахтерский кенті арқылы келетін. Алайда, автопаркке оны жолаушылар аз, сәйкесінше тиімсіз болғандықтан жауып тастауға тура келді.