16 желтоқсан Тәуелсіздік күні, тақпақ, жыр, өлең

0
Он алтыншы желтоқсан —
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Атамменен барғанмын.

Мерекеге шығады
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады
Тәуелсіздік — ұлық той.

Аралаймын алаңды
Тәуелсіздік күні мен.
Батыр Қайрат ағамның
Суретіне үңілем.

Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тосқан
Шырқатып ән салған күн.