​12 жастағы блогер туған күніне 73 млн тұратын көлік сатып алды

0

​12 жастағы блогер туған күніне 73 млн тұратын көлік сатып алды

Тайланда тұратын Наттанан Санунрат әлеуметтік желінің жұлдызы. Жасөспірім блогер өзінің туған күніне құны 73 млн доллар тұратын автокөлік сатып алды.


 
Жасөспірім 4 жасынан бастап макияжбен айналысады. Соның арқасында әлеуметтік желілерде танымал болған. Ол ютубте роликте жариялап тұрады. Оның 300 мыңға жуық жазылушысы бар.Ал инстаграмда 50 мыңнан астам оқырманы бар.
Өзінің айтуынша ол бірде анасының бояуларын көріп, содан бет әрлеуге қызыққан. Өскенде визажист болуға шешім қабылдаған. Ал оны қазірдің өзінде түрлі шараларға шақырады.

«Мен мұның өзіме ұнайтынын сездім. Бұл визажист болсам деген арманға айналды»-дейді өзі.
Ал өзі әлі көлік жүргізбейді. Бірақ қымбат көлік сатып алуға мүмкіндігі болғандықтан өзі ұнатқан көліктен бас тартқысы келмепті.
Ол 18 жасқа толғанша ол көлікті ата-анасы жүргізбек.

Дереккөз: Life

reactor.inform.kz