10 сынып Құс тұмауы,жұғу жолдары,сақтану шаралары
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
10 сынып Құс тұмауы,жұғу жолдары,сақтану шаралары
Бағыты: Биология Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 10 сынып
Мұғалімдерге микробиология пәнінен керек болады Құс тұмауы,жұғу жолдары,сақтану шаралары І топ Тұмау мен суық тиіп аурудан сақтану жолдары
ІІ топ Тұмаудың бастапқы белгілері білінген кезінде емдеу шаралары.
ІІІ топ құс тұмаудың тарихы
ІV. топ Құс тұмауы індеті қоздырғышы
V. топ Жұғу жолдары:
таратпа , қосымша материалдар беріледі .
Сабақтың тақырыбы | Құс тұмауы,жұғу жолдары,сақтану шаралары | |
Сабақ мақсаты | Құс тұмауы,жұғу жолдары,сақтану шаралары білу. | |
Әдіс-тәсілдер: | Талқылау , сұрақ –жауап | |
Көрнекіліктер | Слаид, бейне фильм , таратпа, қосымша ақпарат | |
Сабақтың барысы | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
І. Ұйымдастыру | Амандасу Тілек жазу | Бүктеп қорапқа салды, араластырып , қайтадан оқушыларға таратады. Сол тілекті оқушылар оқиды . |
ІІ жаңа тақырып | Видео арқылы тақырыпты ашады | Мақсаттарын өздері атайды. |
Мағынаны ашу | 5 топқа бөлінеді Берілген тапсырмаларды оқып, талқылайды.Интернеттен қосымша материал алуға болады | І топ Тұмау мен суық тиіп аурудан сақтану жолдарыІІ топ Тұмаудың бастапқы белгілері білінген кезінде емдеу шаралары.ІІІ топ құс тұмаудың тарихыІV. топ Құс тұмауы індеті қоздырғышыV. топ Жұғу жолдары: |
Рефлексия | Әрбір топ бір-бірін ойларын тілектерін білдіреді | Өз пікірлерін айтады |
Қорытынды | Сақтану жолдарын атап шығады | Әр топ бір сақтану жолдарын атап шығады қайталанбауы керек |
Үйге тапсырма | Қара маска , көк маска, ақ масканың айырмашылығы, пайдасы |
І топ Тұмау мен суық тиіп аурудан сақтану жолдарыТұмау мен суық тию белгілері жағынан ұқсас жұқпалы аурулар болып табылады. Бұл ауру түрімен халықтың көпшілігі ауырады. Суық тию – мұрын мен тамаққа әсер береді, ал тұмаумен ауырғанда тыныс жүйесіне әсер береді; дәл осы ауруға арнап шығарылған дәрі түрі жоқ. Бұл ауруларды адам ағзасы өзі де жеңе алады, кейде елеулі асқынулар болуы мүмкін. Иммундық жүйені нығайту және суық тию мен тұмаудың алғашқы белгілері білінісімен гигиенаны бақылай отырып, сауықтыру шарасын жүргізіп, кез келген асқынуларды болдырмауға болады.— Гигиена сақтау— Иммунитетті күшейту— Тұмаудың бастапқы белгілері білінген кездегі емдеу шаралары.Гигиена сақтау1) Қолыңызды жуыңыз. Суық тию мен тұмаудың алдын алудың ең тиімді және қарапайым шараларының бірі – қолды жиі және мұқият жуу болып табылады. Бұл қоғамдық орында, ауада, заттардың бетінде қонған бактериялар мен вирустардың әсерінен болатын тұмау және суық тиюдің таралуын азайтады. Қолды сулаңыз да сабындап 20 секундтай жуыңыз, алақаныңыз бен қолдың сыртын, саусақ араларын, тырнақ астын түгел сабын тигенін қадағалаңыз. Қолды сумен жақсылап шайып таза орамалмен сүртіңіз. Қолды жууға мүмкіндік болмаған орында пайдаланатын, қолға арналған арнайы дезинфекциялау құралын алып қойған жөн.2) Мұрын және ауызды жабу. Жөтелу немесе түшкіру кезінде ауызды, мұрынды қолмен немесе қағаз орамалмен жабу керек, қағаз орамалды бір пайдаланған соң тастау керек. Бұл – микробтар мен вирустардың таралуын болдырмайды. Бактерия немесе вирус қолда қалмас үшін, шынтақты бүгіп, білекті басып тұрып жөтелуге, түшкіруге болады.3) Халық көп жиналатын орыннан аулақ болыңыз. Суық тию мен тұмау өте тез таралатын жұқпалы ауру. Халық көп жиналған орында жұқтырып алу қаупі жоғары. Халық көп жиналатын қоғамдық орыннан өзіңізді алшақ ұстай отырып, ауруды таралу қаупін азайтасыз. Ондай орында әрбір затты ұстағаннан кейін қолды тазалап жуу қажет. (мысалы, есік тұтқасы т. б.)Егер өзіңізді нашар сезініп тұрсаңыз үйден шықпаңыз, тіпті болмағанда бір күн үйде болыңыз, айналаңызға ауру жұқтыру қаупін азайту үшін.Баланы балабақшаға берерде дұрыс таңдау жасаңыз. Гигиеналық ережелерді қатаң ұстанатын, ауру балалардың келуіне тыйым салынатын балабақшаны таңдау қажет.4) Ортақ пайдаланатын орынды дезинфекциялаңыз. Суық және тұмау вирустары ортақ пайдаланатын орындарда, әртүрлі заттардың, жиһаздардың бетінде, ауада болады әсіресе жуынатын бөлмеде, ас бөлмеде. Суық тию мен тұмауды болдырмас үшін осындай орындарды дезинфекциялау қажет. Міндетті түрде әжетхананы тазалаңыз, қол жуғышты жуыңыз, есік тұтқаларын, жиһаздарды сулы шүберекпен сүртіңіз. Өзіңізге қол жетімді тазалау құралын пайдалануға болады бірақ вирустар мен микробтарды жоятын құрал «Лизол» пайдаланған дұрыс.
ІІ топ Тұмаудың бастапқы белгілері білінген кезінде емдеу шаралары.1) Ағзаның құрғауына жол бермеңіз. Қызу көтеріліп терлегеннен, мұрыннан тоқтамай су аққаннан ағзадағы судың мөлшері төмендейді, сондықтан сұйық көп ішу қажет.Сұйық көп ішу, аурудың күшеюін төмендетіп, жағдайыңыздың қалпына келуіне оң ықпал етеді.Әйелдер үшін күніне 9 стакан, ерлер үшін 12 стакан сұйықтық ішу қажет деп есептеледі екен. (су, шырын, шөптерден дайындалған шай, кофеинсіз сусындар т. б.)Кофе, қара шай, кофеин бар сусындар ағзаны құрғатып, ауруды асқындырады.2) Тауық сорпасын ішіңіз. Зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, суық тиюге қарсы ең тиімді халық емі бұл – тауық сорпасы — шын мәнінде ағзаның суық тию белгілерімен күресуіне жағдай жасайды. Тіпті, ыстық тауық сорпаның буы суық тию белгілерін жеңілдетеді.Тауық сорпасы ағзаның құрғауының алдын алады.Есте сақтаңыз! Тауық сорпасың адам ағзасының қабынуына қарсы дәрі — дәрмек десе болады. Сорпа жұтқыншақтағы шырыштың бөлінуін тездетіп, ағзадағы вирустың өмір сүру уақытын азайтады.3) Алкогольді ішімдіктер мен шылым шегуден аулақ болыңыз. Түрлі ішімдік пен шылым шегу, суық тию кезінде тек зиянды болмаса, пайдасы жоқ. Ауруды асқындырмас үшін бұлардан бас тарта тұрған жөн.4) Тұзды сумен тамағыңызды шайыңыз. Күнделікті тұтынатын тұзбен суды араластырып тамақты шаю, тамақ ауруы кезінде тиімді тәсіл. Қысқа уақытқа болса да жеңілдегенін сезінетін боласыз, тамақ шаюды шамаңыз келгенше жиі қайталаған дұрыс.1 — 2 шай қасық тұзды 250 мл жылы суға салып тұз ерігенше араластырыңыз. Суды ауызыңызға ұрттап тамағыңызда 30 секундтай ұстап тұрыңыз да түкіріңіз. Кем дегенде күніне екі рет қайталаңыз.5) Тамаққа арналған арнайы сорғыш тәттілер мен спрей пайдаланыңыз. Тамақ қабынуына қарсы жеңіл дәрілер пайдаланыңыз. Құрамында эвкалипт пен камфора бар, тамаққа арналған арнайы сорғыш тәттілер мен спрейлер, мұрын бітелгенде, тұмаудың алғашқы белгілері кезінде көмегі тиеді. Сорғыш тәттілер мен спрейді әр 2 — 3 сағат сайын қолдану қажет.6) Ауырсынуды басатын препараттар қабылдаңыз. Егер сізде суық тию немесе тұмау болса, денеңізден құрысу байқайсыз. Бұл жағдайда кез келген ауырсынуды басатын, дәрігердің рецептісіз босатылған препарат түрін қабылдаңыз.Ацетаминофен, ибупрофен немесе напроксен натрия дәрмектерін қабылдаңыз, дененің құрысуын басу үшін.7) Көбірек демалыңыз. Адам ағзасы ауру белгілерін жеңіп, тез қалпына келу үшін көп демалу қажет. Егер ыстығыңыз көтеріліп тұрған болса, жұмысқа немесе мектепке бармаған дұрыс. Демалыстың пайдасы – ауру асқынып, қызметтестер мен достарыңызға тұмауды жұқтыру қаупін азайтады.Күніне 8 сағат ұйықтау керек, суық тию мен тұмаудан ағзаны қорғау үшін қалғып — мүлгудің иммундық жүйеге әсері зор. Ұйықтайтын жеріңіз жылы әрі ыңғайлы, ауа ылғалдығы бір қалыпты болуы керек. Ауы ылғалдығы мұрын бітуі мен жөтелді азайтады.Пайдалы кеңесТұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы – жылына бір рет екпе салғызу.Бір реттік екпе аурумен жылдар бойына күресуге көмектеспейді тек ауру белгілерін жеңілдетеді, жыл сайын жасатып тұру бұл иммундық жүйені күшейтеді.Ескерту!Егер суық тиіп немесе тұмау болып ауырсаңыз жұмысқа бармаңыз – жұмыстағы таныстарыңыздың бәріне жұқтырасыз (бұл этикаға жатпайды); бір — екі күн үйде болсаңыз, тез жазыласыз. Дәрігерден медициналық анықтама беруін сұрасаңыз болды
ІІІ топ құс тұмаудың тарихыҚұс тұмауының вирусы алғаш XX ғасырдың басында Италияда анықталған және ұзақ бойы адамдар үшін қауіпсіз деп есептелінген. Құс тұмауының вирустары жабайы және үй құстарында, жылқыларда, шошқаларда кездеседі. Жабайы құстар (әсіресе суда жүзетін үйрек, қаз, аққу және т. б.) әдетте құс тұмауымен ауырмайды, бірақ індеттің таралу көздері болып табылады. Үй құстарды құс тұмауына шалдыққан жағдайда ауру жасырын түрде өтіп, құстардың өліміне соқтырады. Құс тұмауының вирусын адамдардың алғаш жұқтыруы 1997 жылы Гонконгта тіркелген. Онда құс тұмауы вирусының Н5N1 түрімен 18 адам науқастанып, алтауы қайтыс болған. 2003 жылы құс тұмауы Вьетнамда, Камбоджада, Қытайда, Индонезияда, Лаоста, Пәкістанда, Кореяда, Таиландта, Тайвань мен Жапонияда тараған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 2003 жылдан бері құс тұмауымен 100 адам сырқаттанған, олардың жартысының көбі өлген. Ресми деректер бойынша, 2005 жылдың 7 айында әлемде құс тұмауына шалдыққан 67 адам тіркелген, аталған кеселге негізін 25 жасқа дейінгі жастар шалдыққан, ол кеселге шалдыққандардың 70% құрайды. Оның ішінде 25 адам өлген. Осы уақытқа дейін вирустың адамнан адамға жұғуы анықталмаған. Сырқаттанғандардың бәрі ауруды құстардан жұқтырған. Вирустың мутациялық өзгерістерге ұшырауына байланысты оның вирулентігі күшейген. Құс тұмауының вирусының таралуы жабайы құстардың көктемге және күзге ұшу бағытына байланысты. Қазақстан Республикасының 24 ауданы, оның ішінде Оңтістік Қазақстан облысының Шардара, Мақтарал, Сарыағаш және Арал аудандары суда жүзетін құстардың күзге ұшу жолында орналасқан. Осы аудандарда құс тұмауы вирусының таралуы қаупі жоғары. Құс тұмауына шалдыққан науқаста байқалатын белгілер кәдімгі тұмаудың белгілеріне ұқсас.
Құс тұмауыҚұс тұмауының вирусын адамдардың алғаш жұқтыруы 1997 жылы Гонконгта тіркелген. Онда құс тұмауы вирусының Н5N1 түрімен 18 адам науқастанып, алтауы қайтыс болған. 2003 жылы құс тұмауы Вьетнамда, Камбоджада, Қытайда, Индонезияда, Лаоста, Пәкістанда, Кореяда, Таиландта, Тайвань мен Жапонияда тараған.Құс тұмауыДүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, 2003 жылдан бері құс тұмауымен 100 адам сырқаттанған, олардың жартысының көбі өлген. Ресми деректер бойынша, 2005 жылдың 7 айында әлемде құс тұмауына шалдыққан 67 адам тіркелген, аталған кеселге негізін 25 жасқа дейінгі жастар шалдыққан, ол кеселге шалдыққандардың 70% құрайды. Оның ішінде 25 адам өлген.
ІV. топ Құс тұмауы індеті қоздырғышы Үйреншікті зертханалық тексерулермен вирус Н5N1 штаммы анықталмайды, сондықтан дұрыс нақтама кеш қойылуы мүмкін. Нақтама қойылғанға дейінгі аралықта ауру асқынып, геморрагиялық пневмония, өкпе-жүрек жеткіліксіздігі, өкпенің қабынуы, энцефалопатия белгіліері байқалады. 1997-1999 жылдардағы індеттерден кейін құс тұмауына қарсы вакциналар дайындала басталды, олар клиникалық сынақтардан өтуде. Ем шаралары жүргізілген кезде құс тұмауын емдеуде кәдімгі адам тұмауына қарсы дәрі-дәрмектер жақсы нәтиже берген. Құс тұмауы вирусының «амантадин» және «ремантадин»ге сезімталдығы анықталған. Оған қосымша «санамивир» және «озельтамивир» дәрілерінің құс тұмауын емдеуде тиімділігі өте жоғары. Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында құс тұмауының таралуының алдын алу үшін төмендегі іс-шаралар жүргізілуде. Құс фермаларында ветеринарлық қадағалау, залалсыздандыру талаптары күшейтілген, құс тұмауына күдікті 5000 құс өртелінді. Шетелдерден және құс тұмауы тіркелген аудандардан құс өнімдерін тасымалдауға тыйым салынған. Жеке шаруашылықта үй құстарын күтүде арнайы киім, тұмылдырық кию, оларды күнделікте залалсыздандыру, құс тұмауына күдікті, ауырған құстарды басқаларынан жеке оқшаулап, мал дәрігеріне хабарлау, өлген құстарды өртеу, мұздатылған құс өнімдерін асқа пайдаланғанда гигиеналық және аспапты талаптарды қатаң орындау қажет.
Құс тұмауы індеті қоздырғышы Н5N1 штамымен тарайтын жұқпалы аурушаңдық. Ол құстарға соның ішінде кейбір үй құстарына жұғып, оларды күту, етін бөлшектеу кезінде адамға да жұғуы мүмкін.
Құс тұмауы індеті қоздырғышы Н5N1 штамымен тарайтын жұқпалы аурушаңдық. Ол құстарға соның ішінде кейбір үй құстарына жұғып, оларды күту, етін бөлшектеу кезінде адамға да жұғуы мүмкін.Жабайы құстар, әсіресе суда жүзетін үйрек, қаздар індеттің таралу көзі болып табылады . Үй құстарының ішінде бұл індетке тез шалдығып, індет көзі болатын тауықтар мен күрке тауықтар. Олар тұмауды тез жұқтырып, жаппай қырылып қалады. Құс тұмауының жұқпасы адамдарды қауіпті ауруларға шалдықтырады және өлім-жітім пайызы өте жоғары.Құс тұмауы індетінің алдын алуда шекаралық санитарлық- карантиндік пункт көптеген іс-шаралар өткізуде. Темір жол мекемелері мен жолсеріктер үшін оқу-жаттығу сабағы өткізілді, транзиттік жолаушы поездарының жолсеріктеріне үнемі инструктаж-нұсқама жүргізіледі, вокзал радиоторабы арқылы қысқаша мағлұмат беріледі, шекарашылар мен теміржолшыларға құс тұмауы туралы дәріс оқылады Үй құстарындағы құс тұмауының белгілері: Құстар тәбеті жоғалып, жемнен бас тартады, бұлшық еттерінің жансыздануына, яғни параличке ұшырауына байланысты, қанаттары салбырап, жүргенде шатқаяқтап, сүріне береді. Мойыны салбырап, бастары 180 градусқа бұрылып кетуі де мүмкін, тамағы мен айдары ісініп, мұрындарынан су ағып, түшкіре береді.Адамдардағы белгілері: Кәдімгі маусымдық тұмауға ұқсас болып келеді,бірақ әлдеқайда ауыр түрде өтеді. Дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріліп, жөтел пайда болып, тамағы ауырады, бұлшық еттері қақсайды, мұрыннан су ағып, тыныс алу қиындайды. Адам өміріне қауіпті асқынуларға мыналар жатады: жүрек, бүйрек , өкпенің қабынуы, өкпеге су толып, адамның өлімге ұшырауы.
V. топ Жұғу жолдары:Адамдар ауру құстармен қатынас кезінде , яғни, оларды күту, қораны жинау, ауа тамшы арқылы, көздің шырышты қабығына, тыныс алу жолдарына шаң-тозаңның түсуі, құс етін бөлшектеу, мамығы мен жүнін түту, етін өңдеу кезінде жұғуы мүмкін. Жұқпаның адамнан-адамға берілу жағдайлары нақтылы тіркелген жоқ. «Сақтансаң, құдай сақтайды» демекші, әрбір адам қарапайым сақтану шараларын білуі қажет: Құстардың арасында ауру белгілері байқалған жағдайда, жеделтүрде жергілікті ветеринар қызметкерлеріне, медицина, санитарлық эпидемиологиялық қызмет мамандарына хабарлап, ауырған құсты дереу оқшаулау; Ауырған құстарды, өлекселерді жедел түрде өртеп немесе терең көміп, тұрған орындарын тазалап, залалсыздандыру шараларын жүргізу; Тірі құстарды, олардың өнімдерін тасымалдауда, сақтауда, сатуда ветеринариялық-санитариялық ережелерді қатаң сақтау; Құс етінен, жұмыртқадан тағам даярлағанда толық пісіріп жеу(еттің ішкі температурасы +70градустан кем болмауы керек) Құс тұмауының белгілері біліне бастаса, дереу дәрігерге қаралу. Құс еті мен құс өнімдерін, шыққан жері белгісіз көше саудагерлері мен ветеринариялық құжаты жоқ жерлерден алуға мүлде болмайды.
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.