1 мамыр достық татулық мерекесіне тәрбие сағаты

0



Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-778-389-9292 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

1 мамыр достық татулық мерекесіне тәрбие сағаты

Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Тәрбие сағаты Сыныбы: Барлық сыныптар

Тақырыбы: Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақтаМақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.Көрнекіліктер: шарлар, гүлдер, ұлттық костюмдер.(Ән ұран орындалады.)Жүргізуші:Бірлік пен ынтымағы халықтың -Көгімізде жарасқан жарық күн!Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн! -дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта атты мерекемізді тамашалауға шақырамыз.Жүргізуші: Бұл мереке бұрын бүкіләлемдік Еңбекшілер күні болып тойланды. Қазір ол Дүниежүзілік ынтымақтастық күні болып есептеледі.Оқушылар әр ұлттың киімдерін киіп, шеруге шығады. (Монтаж)1-оқушы: ҚазақЖан біткендей жас тауға,Шуақ ойнап арайлы.Күн күлімдеп аспанда,Мамыр әні тарайды.Жайдары жаз түрге еніп,Жадыратты жанымды.Жер-дүние тербеліп,Дала, қала құлпырды.2-оқушы: орысБолсын жер мен су да ортақ.Болсын біздің ту да ортақ.Ақпыз, қара, сарымыз,Ағайынбыз бәріміз.3-оқушы: өзбекСары, ақпыз, қарамыз,Бәрімізде баламыз.Біз Отанда тұрамыз,Біз мектепке барамыз.4-оқушы: французАлтай, Кавказ ұласып,Бауырайы кең жатыр.Бақытты әні асқақтап,Құлаққа даусы кеп жатыр.!Әр ұлттардың билер шеруі
Жүргізуші:Мамыр қандай, шіркін-ай, мамыр қандай!Айнала жасыл кілем жамылған жай.Алатауым басына ақ шәлі орап,Мойнына гүлден алқа тағылғандай.Мамыр қандай, шіркін-ай құлпырады.Күй толқын көңіліне жыр тұнады.Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр,Секілді адамзаттың ынтымағы.
9-оқушы: грузинАлтын бесік-ағайын, жұрт туғаным,Дос байыса қыза түсер думаның.Барлық ұлттың өкілдері жарасып,Асырайық іс-жүзінде Тіл заңын.10-оқушы: украйнҚазақ елі-қашаннан да жыр елі,Тарихында тұлғалар көп киелі.Қазақстан аясында бұрыннан,Бірнеше ұлт өмір сүреді.11-оқушы: үндіБір-бірімен тату тәтті тұрады,Бәрінің де Қазақстан — тұрағы.Туған жерге тебіренген сәттерде.Ағаларды өлең-жырдың бұлағы.12-оқушы: қырғызБойымызда әлі бұлақ жатыр бұрқырап,Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.Тілейтінім барша ұлтқа бір ғанаЫрыс, бақыт, татулық пен ынтымақ!
Жүргізуші:Қағаздан жасалған ақ көгершіндерді биікке шарға байлап ұшыру. Барлық қатысушылар бірге шығып, көрермендермен қоштасады.Осымен мерекелік кешімізді аяқтаймыз. Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.