Жылу бағамы. Солтүстік Қазақстан облысы кімді алдады?

0

Еліміздің 3 өңірінде  жылуға арналған тарифтер төмендетілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтып, тариф белгілеудің ашықтығын күшейту, монополисттердің тарифтік сметаларды және инвестициялық міндеттемелерді орындауын бақылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы туралы баяндады.

Дәлірек айтсақ, Ақмола облысында жылу бағамы 36,8 пайызға арзандап, 116,1 теңгеден 73,4 теңгеге түсті. Солтүстік Қазақстан облысында баға 1 теңгеге арзандап, шаршы метрге 113,4 теңгені құрап отыр. Шығыс Қазақстан облысында да баға көп болмаса да түсті. Семей қаласының тұрғындары енді 70,1 теңге емес 68,2 теңгемен төлейтін болды.
Одан басқа, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қарағанды облысында 2,2 пайыз, Түркістан облысында 15,3 пайызға дейін төмендету болжанып отыр.

Асқар Беков

Дереккөз: Айқын