Жылқы құлынды биені өрттен құтқару үшін көк түтінге кіріп кетті – видео

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Өрт кезінде айғырлардың бірі үйірден қашып кетіп, бие мен құлынды қауіпсіз жерге шығару үшін қайтадан түтінге кіреді

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті кезінде құтқарылған айғыр «отбасына» көмектесу үшін түтіндеп жатқан жерге қайтадан шауып барды.  

RT хабарлағандай, видео Сими-Вэлли қаласы маңындағы мал фермаларының бірінен жануарларды эвакуациялау кезінде түсірілген.

Өрт сөндірушілер жануарларды фермадан эвакуациялады. Бір кезде айғырлардың бірі үйірден қашып кетіп, бие мен құлынды қауіпсіз жерге шығару үшін қайтадан көк түтінге кіреді.

Видео лезде әлеуметтік желілерде тарап, 11 миллионнан астам адам көрді.

Калифорнияда екі аптадан бері орман өртеніп жатыр, 30 мыңға жуық тұрғын көшірілді. Штат аумағында төтенше жағдай режимі енгізілді.



sputniknews.kz