Жыламау мүмкін емес: Алматы облысында 3 жасар бүлдіршін қызылша ауруынан көз жұмды – Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы облысында үш жасар Ваня есімді бүлдіршін әпкесінен қызамық (ветрянка) ауруын жұқтырып, артынша көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Время» басылымына сілтеме жасап. 

Марқұм болған баланың ата-аналары прокуратураға дәрігерлердің жұмысын тексеруді сұрапты, алдағы уақытта олар сот тарапынан әділдік іздемекші. 

Ваняның әкесінің сөзінше, баласының алдымен оның аяғы, содан кейін қолы ауыра бастаған. Келесі күні таң ата салысымен емханаға барған кезде дәрігер оларға ибуфен дәрісін жазып, үйіне қайтарып жіберіпті. Түске таман бүлдіршіннің қолы ісіп, жедел жәрдем шақыртуға тура келген. 

Жедел жәрдем келіп жеткенше бір жарым сағат өтіпті. Бұл уақытта бос бригада болмады деп түсіндіріпті медицина қызметкерлері. 

Қаскелеңнің ауруханасында балалар дәрігері табылмай, баласы ауырған ата-ана тағы да сандалыпты. Ақыры төзімдері таусылған олар тағы да жедел жәрдем шақырып, баласын Алматының екінші жартысында орналасқан Өтеген батыр ауылындағы ауруханаға апармақшы болыпты. 

Ауруханаға жеткен баланың жағдайы мүлдем нашарлап кетіпті. Дәрігерлер балақайды бірден жансақтау бөліміне жатқызған. Бірақ олар Ваняның өмірін аман алып қала алмапты. 

«Таңертең ғана сап-сау баламды кешкісін өлі күйінде қайтарып берді», – деп қынжылды Ваняның анасы. 

Кейіннен 3 жасар жеткіншек  қызымық (ветрянка) энцефалитіне шалдыққаны анықталыпты. Бұл ауру қызылшаның асқынған күйі көрінеді. Дәрігерлер диагнозды дер кезінде қоя алмапты, салдарынан Ваня марқұм  болған. 

«Ауру баланы бір ауруханадан қаланың екінші жартысында орналасқан ем қабылдау орталығына тасып жүру деген не сұмдық? Біздің жанымызда Алматының №7 қалалық ауруханасы мен тағы бір балалар ауруханасы бар. Ойлаңыздаршы сондағы айтқан сөздері: «Сіздер қалада тіркелмегенсіздер, сол үшін сіздерді ол жақта қабылдай алмайды», – дейді. Қаскелең қайда, Өтеген батыр ауылы қайда? Баламыздың өмірі қайдағы бір бір жапырақ қағазға бағынышты болды ма сонда? Ұят-ай! Мемлекеттің соры бұл!» – деп наразылықтарын білдірді Ваняның ата-анасы. 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз