Журналист Ерғанат Көпжасар: Ертерек суды арнасына жібермесе, Жетісайдың бәрі суға кетеді – Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысындағы бірқатар елдімекен су басты. Қиын жағдайға тап болған халыққа қол ұшын созған жандар көп. Дегенмен шенділердің қарасы көрінбейді. Бұл туралы тележүргізуші, журналист Ерғанат Көпжасар үн тастады. 

Тележүргізуші желідегі парақшасында жазба жариялады. Шенділерді су басқан халықтың жағдайын білуге шақырды. 

«Халық сайламаған соң елдің ішіне бармайды. Елемейді. Кейбір шенділерге қара суға батып жатқан жұрттың қайғысы емес, қара басының қамы қымбат. Оу, елді су басып жатқанына үш күннен асты ғой. Біреуің барып жағдайын көріп қайтсаңдаршы. Өз ойым», – деп жазды тележүргізуші. 

Бұған дейін бірнеше өнер адамдары елдімекеннің жағдайын баяндап, пікірін ортаға салған болатын. 

«Ертерек суды арнасына жібермесе, Жетісайдың бәрі кетеді суға. Неге осы ертерек қамданбайды осылар? Осыдан кейін Қазақстанда тұрғын келмей кетеді», – деп ашынды Ерғанат Көпжасар. 

«Масқара-ай халқының сұрауы жоқ па. Неге билік отыр үнсіз», «Не деген су. Кішкентай жері құлаған, түгел құлап қалса Қазақстанның оңтүстігі мен Өзбекстан суда қалатын сияқты ғой. Осы суды Аралға жіберуге болмай ма екен», «Неткен шеті жоқ, шегі жоқ су?! Қарапайым халыққа биліктегі жанашыр ешкім жоғы ма?», «Бес саусағын бірден салып жіберіп еді, кесірі қазаққа тиді, мұның өте қиын болды туған жерім», – деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Өзбекстанда 1 мамырда нөсер жаңбыр жауып, бұрқасынан кейін  су қоймасынан су тасыды. Соның салдарынан Қазақстанның елдімекендерін су басып кетті. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының тұрғындарына көмек беруді тапсырды.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз