Жұмысынан айырылған 35 мыңнан астам адамға әлеуметтік сақтандыру қорынан жәрдемақы берілді — Қазақстан жаңалықтары

0

Жұмысынан айырылған 35 мыңнан астам адамға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өткен мамыр айында 5,2 мың азаматқа жәрдемақы берілді.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған қызметкерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлем алады. Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады», — делінген хабарламада.

Төлем тағайындау үшін жұмысынан айырылған қызметкер Egov.kz порталында тіркелу керек; «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау; Онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық алаңдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет.

Тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы бір күн ішінде бос жұмыс орындарын ұсынады. Жұмыс табылмаған жағдайда өтінім берушіге 3 жұмыс күні ішінде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі.

Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

 

stan.kz