Жұлдыз Өмірғали: Мен екінші әйел емеспін – Қазақстан жаңалықтары

0

Айқынның жас келіншегі көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Ол Айқынмен таныстығы, оның бірінші әйелімен қарым-қатынасы, балаларына деген көзқарасы жайлы баяндады, деп жазады Stan.kz.

Жұлдыз Өмірғали: Мен екінші әйел емеспінInstagram оқырмандарына берген жауабында Жұлдыз Айқынның бірінші әйелімен араласпайтынын атап өтті. Сондай-ақ, өмірдің бумеранг екеніне, біреуге жасаған ісінің алдынан шығатынына сенбейтінін айтты.

«Екінші әйел болуға шыдамыңыз қалай жетеді?» деген оқырман сауалына Өмірғали: «Ал мен екінші әйел емеспін», – деп жауап берген. 

Сондай-ақ, Жұлдыз Айқынмен таныстығы жайлы: «Ол маған хат жазды, әйтпесе тек сырттай танитынмын», – деді. 

Ал «Айқынның әйелі бар екенін қалай білмей қалдыңыз?» деген сұраққа ол: «Әлі күнге дейін білмейтіндер бар», – деп жауап қатты.

Бұдан өзге, Жұлдыз Айқынның бірінші некеден туған балаларына бірқалыпты көзқараспен қарайтынын атап өтті. 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз