Жүкті медбике CОViD-19-дан қайтыс болды, бірақ дәрігерлер оның жаңа туған қызын аман алып қалды — Қазақстан жаңалықтары

0

Бедфордширден шыққан 28 жастағы Мэри Агяпон денсаулығы нашарлай бастаған кезде жүктілігінің соңғы кезеңінде болатын. Қыз ауруханада жұмыс істеді, ол кейіннен коронавирусты жұқтырғандарға арналған емханаға өзгертілді. Ол науқастармен тікелей байланыста болмағанымен, коронавирусқа тестілеуден өтуге шешім қабылдады және сынақ оң нәтиже көрсетті деп жазады Metro, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нәрестені құтқару үшін дәрігерлерге кесарь тілігін жасау керек болды, ота сәтті өтті. Бірақ Мэридің жағдайы жақсармады және бес күннен кейін ол көз жұмды. Қызға анасы Мэридің есімі берілді. Дәрігерлерге оның коронавирусты жұқтырғаны әлі белгісіз дейді, бірақ аурухана қызметкерлері оның әл-ауқатын қадағалап отыр. Медбикенің достары оны жерлеу үшін және әкесімен қалған баланың күтімі үшін ақша жинауда.

«Мэри барлығына шынайы болды, оның адалдығы, қамқорлығы мен сүйіспеншілігі ештеңемен алмастырылмайды», — дейді оның құрбысы Рода Асиеду.

Қыз жұмыс істеген аурухананың бас дәрігері оның жақындарына көңіл айтты. Бас дәрігер Мэри олармен бес жыл жұмыс істегенін және әрқашан кәсіпқойлық пен достықтың үлгісі болғанын, оны әріптестері де, науқастар да қатты жақсы көретінін айтты. Медбикеде созылмалы ауру болған жоқ, операциядан кейін өзін екі күн жақсы сезінді. Дәрігерлер жақсылықтан үмітті болған еді, бірақ өкінішке орай, бәрі қайғылы жағдаймен аяқталды.

stan.kz