Жүкті әйел мінген лифт 95-қабаттан төмен құлдилады

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

59 0 0

Лифтідегілерді құтқару операциясы үш сағатқа созылды

АСТАНА, 19 қараша — Sputnik. Американың Чикаго қаласында ішінде 6 адамы бар лифт 95-қабаттан қатты жылдамдықпен төменге сырғып кетті. Бұл туралы CBS Chicago жазды.

Жайсыз оқиға 16 қараша күні болды. Кендір арқандардың бірі үзілгеннен кейін лифт қатты жылдамдықпен төмен қарай сырғып, 11-қабат маңында тоқтады. Қосымша арқандар лифтінің салмағын көтере алғандықтан, ешкім жапа шеккен жоқ. Арасында аяғы ауыр әйел де болған.

Құтқарушылар келгенге дейін адамдар өздерінің қай қабатта тұрып қалғандарын білмеген. Сырттағылар ұзақ уақыт кабинаға жете алмады. Ақыры керегені балғаның көмегімен тесті. Жалпы лифтідегілерді құтқару операциясы үш сағатқа созылды.

«Бастапқыда бәріміз өлетін шығармыз деп ойладым», — дейді лифт жолаушыларының бірі, мексикалық турист Хайме Монтемайор.

Оның әйелі лифт ішінің шаң-топыраққа толғанын айтты.