ЖОО түлектері дипломдарын қорғауы тиіс — Қазақстан жаңалықтары

0

Жоғарғы оқу орындарының түлектері диплом қорғауы тиіс. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«ЖОО түлектері кешенді емтихан тапсырып, дипломдық жұмысты қорғауы тиіс болатын. Диплом жұмысы бойынша біз диплом жұмысын қорғау қажет екенін және мұнда басқа амал жоқ екенін айттық. Біз дипломдық жұмыстар маңызды деп есептейміз», — деді Асхат Аймағамбетов.

Министр кешенді емтиханды өткізу-өткізбеу бойынша шешімді ЖОО қабылдайтынын хабарлады. «Кешенді емтихандарға келетін болсақ, мұнда әр ЖОО шешімді өзі қабылдайды. Біз ЖОО-ның бір бөлігі кешенді емтихандар кезінде қойылатын сұрақтарды енгізгенін көріп отырмыз, олар дипломдық жұмыстармен біріктірілген. Олардың бірі кешенді емтиханды өткізбейміз, ағымдағы баға негізінде қорытынды шығармаймыз десе, ендігі бөлігі кешенді емтиханды өткізуді шешкен.  Бүкіл әлемде, Америка Құрама Штаттарында және басқа да батыс елдерінде осылай жасалып жатыр», — деп түйіндеді Асхат Аймағамбетов.

stan.kz