Жолаушы Ақтөбе-Ақтау пойызында босанды

0

Жолаушы Ақтөбеде анасында қонақта болған. Ақтауға бара жатқан кезде таңғы сағат алтыда толғағы келген

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Ақтау тұрғыны бейсенбі күні Ақтөбе – Ақтау пойызында босанды, деп хабарлайды «Ақтау-Лада».

Пойызда акушер болған. Пойыз басшысы Ботагөз Қиданова да көмекке келген.

Жолаушы Ақтөбеде анасында қонақта болған. Ақтауға бара жатқан кезде таңғы сағат алтыда толғағы келген.

Пойыз басшысы Ботагөз Қиданова мен жолсеріктер акушер іздей бастады. Пойызда болған акушер әйелге көмекке келді.



sputniknews.kz