Жол сапасы қандай? | «Айқын» газеті

0

«Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясы жанындағы «Көлік логистика инфрақұрылымын дамыту» ко­миссиясы биылғы жұмысын қорытын­ды­лады. Комиссия отырысында биыл салынып, пайдалануға берілген жолдар мен келер жы­лы құрылысы аяқталатын жол­дардың салыну барысы жайында жан-жақты есеп берді.

Жолға жауапты комиссия төрағасы, Мәжіліс Экология және табиғатты пай­далану комитетінің төрағасы Глеб Щегельс­кий жаңа жолдардың шығыны, қолай­сыздығы жөнінде де мәселе көтерді. Оның айтуынша, жаңа салынған жолдарды уа­қытында пайдалануға беру мәселесі өте өзекті. «Жыл сайын республикалық ма­ңызы бар мыңдаған шақырым жол салы­нуға қыруар қаржы бөлініп жатыр. Бірақ қазына қаржысы уақытында жауапты мекемеге берілгенімен, нәтижесінде жол­дың құрылысы уақытында аяқталмайды. Мерзімін созу, қайта қаржыландыру қажет болып жатады. Соның нақты себеп-сал­дарлары бұған дейін де бірнеше рет ко­мис­сия отырысында талқыланған. Бүгінде сол мәселелер нақты шешімін таппаған», – деді Глеб Щегельский.
Жол құрылысына жауапты Инвести­циялар және даму министрлігінің Авто­мобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков республи­калық маңызы бар жолдардың құры­лысындағы негізгі проблемаларды атап өтті. Оның айтуынша, автомобиль жолдары бойынша жобалардың жүзеге асырудың белгіленген мерзімдеріне қайта-қайта түзетулер енгізу, жол салуға жауапты ком­паниялардың жолды пайдалану мерзімін бұзуға, салынған автомобиль жолдарының сапасына, жол бойында сервистік инфра­құрылым ұйымдастыруға, карьерлерді пайдалану жарамдылығына мәселе көп. Оны шешудің жолы – жауап­кершілікті күшейту, жол салуға жауапты мекемеге тапсырыс берердің алдында сол компа­нияның техникалық базасын, мүмкіндігін толықтай тексеру. Сол кезде ғана рес­пуб­лика бойынша 2025 жылы сапалы, қауіпсіз жолдар үлесін 85 пайызға жеткізуге мүмкіндік бар.
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды да­мытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жо­балардың жүзеге асыруын тұрақты қада­ға­лап, мәселе туындаған жағдайда дер кезінде шешімін таппақ. «ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасының орынбасары Берік Жел­­дікбаев­тың айтуынша, биыл 19 жоба жүзе­ге асқан. Республикалық маңызы бар Ал­ма­ты – Өскемен, Астана – Петропавл, Ақ­тау – Бейнеу, Өскемен – Рахман қай­на­ры, Қостанай – Қарабұтақ, Үшарал – Дос­тық, Талдықорған – Қалбатау – Өс­ке­мен, Қал­батау – Майқапшағай, Меркі – Бұ­рыл­байтал жолының құрылысы сапалы, уа­қытылы аяқталатынын жеткізді. Жиын соңында комиссия мүшелері 2019 жылдың жұмыс жоспарын бекітті.

Дереккөз: Айқын

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз