Жігер Ауыпбаев: Қазақ осынау тыныш заманда сынақтың үстіне сынақ көріп жатыр – Қазақстан жаңалықтары

0

Әнші Жігер Ауыпбаев қазақ халқының қазіргі басынан кешіп жатқан жай-күйін баяндай отыра, көпшілікті сабырға шақырды. 

«Тағдырдың талай қысыл-таяң қиын шақтарында тапқанынан жоғалтқаны басым Қазағым не кермеді дейсіз? Ұлт-азаттық көтерілістің соқыр шаңына көзіміздің жасы шыланған халықпыз. Орны толмас өкініш болған азалы да қаралы кезең, қасіретті апаттың бірі -1931-1933 жылдардағы ашаршылық нәубетін де бастан өткіздік. Ұлы Отан соғысына қаншама қазыналарымызды беріп керегеміз теңселіп, босағамыз босаса да шаңырағымызды құлатпай аяғымызға нық тұрған қайсар халықпыз.

Шыңнан төмен лақтырса да оңай шағылатын жаңғақ емес екенімізді дәлелдеген халықпыз. Жанымыз отқа тасталып суға батырылғанда да «қыңқ» етпеген халықпыз. Осынау тыныш заманда сынақтың үстіне сынақ көріп жатқан ҚАЗАҒЫМА: Уа Мейірімі шексіз Жаратқан Ием!
Қазағымның басына түскен сынақты жеңілдеткейсің… Оңтүстік өңірдегі аңқылдаған ақкөңіл ағайындардың көз жасын қуанышқа айналдыршы Раббым…!

«Ақиқатында, әр қиындықтың артында жеңілдік бар». (әл – Инширақ сүресі, 5-8 аяты.)-дегеніңдей жеңілдігіңді жедел нәсіп ете көрші. 
Біз Сенің көмегіңе мұқтажбыз, Раббым», – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары көмек көрсеткен халыққа алғыс айтып, 

«Негізі 2020 жыл тарихта ойып орын алатындай естеліктерімен келді, бірақ жақсы жағымен емес. Келер күннен үміт үзбейік Алла деген елмізғой», «Аумин Алла ұлык Алла бәрін естіп бәрін көруші тілеген дұға тілектерімізді қабыл етсін», – деп жазды желідегілер.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз