Жезқазғанда мектеп оқушысы кешке өзін жайсыз сезініп, таңертең қайтыс болды. Дәрігерлер не айтады? — Қазақстан жаңалықтары

0

Жезқазған ауруханасында қыз қайтыс болды. Дәрігерлердің алдын ала болжамы бойынша, қыздан менингококк инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ауру
Желтоқсанның 4-і күні кешкі сағат бес шамасында қыз өзін жайсыз сезінген соң, ата-анасы жедел жәрдем шақырған. Келген дәрігерлер қыз аппендицит болып қалған деп ойлаған. Бірақ емханадағы дәрігерлер бұл диагнозды жоққа шығарып,қызды жұқпалы ауруханаға жатқызып, қауіпті ішек инфекциясын анықтаған.

Қабылдаған ем-дом шаралары көмектеспеген соң, баланың жағдайы нашарлап, таңғы сағат үште оны реанимацияға ауыстырған. Бірақ таңғы жетіде науқас қайтыс болды.

Әлеуметтік желілерде тағы бес оқушы осындай белгілері бар аурумен емханаға түскені туралы ақпарат таратылды. Осы ақпаратты жариялаған авторлар балалардың мектеп асханасында жеген самсадан уланғанын жазған. Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасында брифинг өткізді.

«Бізде тек алдын ала болжамдар ғана бар. Қызметтік тексеріс нәтижелері және сараптаманың соңғы қорытындылары кейінірек болады. Әзірге қыздың қаза табуының негізгі нұсқасы — қауіпті менингококтық инфекция, — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гамаль Тоқсамбаев.

Оның пікірінше, тамақ аурудың себебі бола алмайды. Себебі сыртқы ортада бактериялар жарты сағат қана өмір сүре алады. Әкесінің айтуынша, қызы самса жеген соң, бастапқыда дәрігерлер  ішек инфекциясы болуы мүмкін деген қорытынды жасады дейді. Сондай ақ менингокок ауа арқылы беріледі, деп атап өтті ол.

Мүмкін болу нұсқасы бойынша, қыз ересектерден инфекцияны жұқтырған. Ал иммунитеті әлсіз бала ауруды тез қабылдап алған, деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Дәрігерлер аурудың тарау ошағын іздеп жатыр. Мұнда инфекцияны кімнің жұқтырып жүргенін дәрігерлер анықтай алмай отыр. Қызбен байланыста болған барлық аумақ: достары, туыстары толықтай бақылауға алынды. 

Сонымен қатар асханадағы аспаздарды тексеру жүргізілді. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бес балаға қауіпті ішек инфекциясы диагнозын қойды. 

stan.kz