Жезөкшелер үйін ашқандарға жаза күшейтілді

0
Жезөкшелер үйін ашқандарға жаза күшейтілді


Тәжікстан парламенті жезөкшелер үйін ұйымдастырғандарға жазаны күшейтуді бірауыздан қолдады.

Тәжікстанның Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, бұл қылмыс түрі бойынша айыпты деп танылғандар 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылады. Осыған дейін жезөкшелер үйін ашқандарға 5 мыңнан 10 мың сомониға (1,1 мың доллар) дейін айыппұл салынып, 5 жылға дейін түрме жазасы кесілген.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, соңғы аптада аталған айып түрі бойынша, екі адам ұсталған. Тәжікстанда жезөкшелікпен айналысқан қыз-келіншектерге 500-ден 1 мың сомониге дейін айыппұл салынады. Егер екінші қайтара ұсталса, 2 мың сомониге дейін айыппұл салынып, 15 тәулікке дейін қамауға алынбақ.

Дереккөз: centralasian.org