Жетісайдағы тойханада түсірілген видеодан кейін полиция қызметкері жұмыстан шеттетілді – Қазақстан жаңалықтары

0

Жетісай қаласында карантин кезінде басқосуға қатысқан шымкенттік полиция қызметкері жұмыстан уақытша шеттетілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

той

Полиция қызметкеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі. Тәртіптік комиссия отырысы тағайындалды.

«Осы жылдың 24 мамыр күні Жетісай қаласындағы «Жетіген» мейрамханасында мектеп бітірудің 20 жылдығына арналған іс-шара өтті. Оған 15 адам қатысты, оның ішінде Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкері бар… Қазіргі уақытта бұл қызметкер қызметтік тексеруге байланысты уақытша жұмыстан шеттетілді. Оның нәтижелері 2020 жылдың 1 маусымында тәртіптік комиссия отырысында шығарылады», – деп атап өтті Шымкенттегі полиция департаментінде.

Еске салайық, «Жетігенде» мейрамханасындағы басқосу түсірілген видео WhatsApp-та тарады. Кадрға түрлі департаменттердің өкілдері, оның ішінде Шымкент полиция басқармасы қызметкері түсіп қалған. Бейнероликте әйелдер мен ер адамдардың жайылған дастархан басына жиналғаны, жеңіл тағамдардан басқа алкогольге ұқсас бөтелкелер бар екендігі көрсетілген.
 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз