Жетілген толық адам ілімі – білім саласына революция әкеледі

0
абай қыс өлеңі

Зерттеуші, абайтанушы М.Мырзахметов «Қазақ әдебиетіндегі сопылық таным» (Алматы, 2012) деген еңбегінде : « Абайдың 38-қарасөзінде қолданылған жәуанмәртлік (парсы тілінен аударғанда «жомарт жігіт») ұғымына талдау жасай келіп, Абайдың толық адам немесе «ал-инсан ал-кәмил» танымының төрт негізі ақыл, әділет, қайрат, қанағат ақынның бүкіл шығарма-шылығының түп қазығы екендігін айтады. Зерттеушінің пайымдауынша, Абай өзіне дейінгі түркі ғұламаларының – Әл-Фарабидің, Жүсіп Баласағұнидың, Ясауидің, Румидің кемел адам жайлы ой-тұжырымдарынан хабардар болып, сол жолда ізденген, «толық адам» ілімінің негізін жасап, оны жеке адамды түзеуге, сол арқылы қоғамды, адамзатты дұрыс жолға салуға пайдаланған»,-деп көрсетеді. Абай атамыз жасаған «Толық адам ілім негіздерін» оның ізбасарлары,шәкірттері жан-жақты дамытты.  Айталық, оны Қ.Шәкерім   «Ар ілімімен» байытса,Мәшһүр Жүсіп «Түгел адам» -деп қарастырады. «Тумысында қанша зеректік болса да, – деп жазды М. Дулатов, – ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзінің табиғатына не нәрсеге шеберлік барлығын сезіп, өз жолына түссе ғана, көзге көрінеді… жақсы суретші адамның сыртқы түрін айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанын да көріп түрғандай боласың…» ХХ  ғасырдың алғашқы ширегінде Абай атамыздың ағартушылық философиясы дамудың жаңа жолына түсіп,ерекше тәрбиелеу ілімі болып қалыптасуға бағыт алып, жаңа белеске көтерілді.Осының нәтижесінде Алаш  мемлекетінде білім революциясы орын алды.Ол револю-ция-ның етек алып кең жайылуына,сәтті жүзеге асуына алаш зиялылары ерекше белсенділік танытты.            ХХ ғасыр – Дана Мұхтар сауат ашу оқулығын жазудан басталып , Ұлт ұстазы Б.Ахмет Тілтану ғылымының пән  оқулығын жасауға дейін кең көлемде ғылым-білім беру,мектеп ашу оқу-ағарту ісі таңғажайып тамаша серпінге ілескен.ағартушылық өріс алған дәуір болды. Бұл революциядан шет қалған, саясаткер, қайраткер,ақын,жазушы, ұстаз оқытушы болған жоқ.Олар абыройлы міндеттерін  Абай дана іліміне сүйеніп атқарды. Сондықтан, олар өз ойларын,  тұжыр-ымдарын еселей қосып, Абай ілімін үнемі дамытып отырды. М.Шоқай «толық адамды төрт жағы түгел кісі»-деген. Нақтыласақ:»Баланы тәрбие қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз,…қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару.» М.Жұмабаев:  «Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы» деді.  Ал, Жүсіпбек: «Күн көру тәсілін сырттан жұқтырып үйрене беруге болады. Рух мәдениетін бөтеннен қарызға ала беруге болмайды. Алса да, халықтың көкейіне көпке дейін қонбайды. Ендеше, өзіміздің бар дәулетті жарыққа шығарып, іске жаратуға талпыну керек». «Білімді орнына жұмсайтын не? Ол -тәрбие». Сонымен, білімнің адамзат игілігіне жұмсалуы, жұмсалмауы тәрбиеге байланысты екен. Тәрбиесіз білімді адам сол білімін адамзаттың игілігіне де, сорына да оңды-солды жұмсай беруі мүмкін. Тәрбиелі адам, яғни иманды адам, толық адам ондайға бармақ емес, ол білімін өз орнына, игілікке, адамзаттың гүлденуіне жұмсайды…»-деген.Абай ілімі советтік дәуірдің өзінде,қаншама баяу болса да, «өңін айналдырып» жіберсек те дами берді,жетіле берді.Абай іліміне адал шәкірттері,  ұрпақтары,    жанашыр-лары,   мүдделестері: М.Әуезов,С.Көбеев,Б.Момышұлы, Т.Тәжі-баев , С.Мұқанов,М.Ғабдуллин, М.Әлім-баев,  Қ.Жарықбаев,С.Қалиев   қатарлы тәрбиелеу ілімінің тарландары толық адам ілімін жетілдіріп бізге жеткізді.Бүгінгі таңда,біз Абайдың  «жетілген толық адам ілімін» жан-жақты зерделей отырып,оның түпнұсқалық мәнін түсіне отырып,ХХІ ғасырдың екінші ширегінде Егемен Қазақстан Республикасында, білім-ғылым-технологиялық  революсиясын жасауымыз қажет.Ұрпақ  тәр-биелеу,білім беру кәзіргі хәліміз тым төмендеп кеткендіктен бұл істі сөз бұйдаға салып,нәтижелі нәтижесіз шолақ бағдармалар мен түрлі түсті реформа жасап,отыра беруге болмайтындығын уақыт өзі көрсетіп отыр.
Мемлекет басшысы мақаласында: «Біз Абайдың «толық адам» тұжырымын қайта зерделеуіміз керек. Бұл бағытта ғалымдарымыз тың зерттеулерді қолға алуы қажет. «Толық адам» концепциясы, шындап келгенде, өміріміздің кез-келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының негізгі тұғырына айналуы керек деп есептеймін», – дейді. Бұл – XXI ғасырда рухани жаңарған қазақ қоғамын қалыптастыруда Абай ұсынған «толық адам» концепциясының маңыздылығын ұлт басшысының қаншалықты бағалай-тынын танытады. «…Қоғамның рухани жаңаруы қажет. Негізгі назар мәдени, тарихи және моральдық – адамгершілік құндылықтарға, әсіресе жаңа білімге аударылуы керек. Нағыз демократияны тек білімді ел, азаматтық қоғам құра алады. Осындайда ел болып ұлы Абайдың толық адам ілімін игеру қажет.» Жетілген толық адам ілімін білім саласына кіріктіру,қолдану үшін,оның педагогикалық-психологиялық негіздерін зерделеп, айқындап игеру үшін,бұл бағыттағы   ісімізді біз  неден бастауға болатындығы туралы бір-екі ұсыныс жасалық ,пікір айталық.        Әуелгі сөзді адам капи-талын дамыту  аймағынан басталық.
Бүгінгі таңда,қазақ елінде шым тезектен тартып,ядролық отынға дейінгі отынның барлық түрінің қоры жарты  әлемді жалпағынан   асырауға жетеді.Оларды өндіріп,пайдалану,қорғап байыту,  сатып пайда табуға толық мүмкіндік бар.Енді не жоқ?  Ең әуелі,ұлттық мүддені қорғаған,  келешек ұрпағының қамын жеп,алысты болжаған,қазақтың отын энергетикасын өндіріп өңдеп,  сатып пайдалануға шамшырақ ,бағыт-бағдар болар заманауи заң жоқ,Екінші.  Қазақстан Респу-бликасының «Атом және отын энергетика академиясы-ғылыми зерттеу және   оқу өндірістік біріккен кешенді   орталығы» жоқ.Мұның бәрі жоқ болмағанда қайтеді,енді? Оларды дайындап, заңдастырып  немесе  орнатып,ұйымдастырып беретін мәжілісмен, сенаторлардың түрі анау,  энер-гетика және білім-ғылым министрінің  әуселесі мынау. Ол министрліктердің өзі толыққанды құрылып, атқаратын міндеттері мен қызметтері  жан-жақты айқындалып, мемлекеттің бұл саладағы саясатын ғылыми негізде  тұжырымдап ұсынуға шамасы жетпей жүр.Бұл бағыттағы ірі өндірістер мен заводтардың басын біріктірген концерн,бірлестік одақтар  жоқ, маман тапшы, ақша қаражат аз деп сылтау айтамыз,ақталатымыз белгілі. Оның бәрін бізге қашан,кім дайындап береді деп нені тосып жүрміз ,онда?Біздің кәзіргі тірлігіміз,уақытша амалдау ғана! Әуелінде мыналарды шешуге болатын еді ғой!Жоғары білім берудің негізгі міндеттерінің бірі білім, ғылым мен өндірісті интеграциялау болып табылады. Әлемдегі «кремний алаңдары» Стэнфорд университетінің үлгісімен (ірі оқу-өндірістік конгломерат) құрылуда.Осыған негіздей отырып,нано- электро-технологиялық институтын құрып болмағанда техпопарк дәрежесіндегі күн,жел және су электр станцияларын өндіретін  өндірістерді жанына орнатып,оны халықаралық оку-өндірістік орталыққа айналдырып жіберуге  бізде кәзірдің өзінде толық мүмкіндік бар. Тек ынта-жігер,талантты жастарға деген сенім,   ұлттық рух пен намыс жетіспей жүр. Мұндай интеллектуальдық орталықсыз адам капиталын дамыту,  интеллектуальды ұлт болмақ бос сөз.Дамыған елдердің жағдайын бажай-ласаңыз,осындай өрелі орталықтар әлемдегі талант пен дарын иелерін өзіне тартып,топтастыру арқылы ғылым-білім,технологияның шыңына шыққан. Өзіміздің де,дарынды,озық ойлы ғалымдарымыз,жастарымыз кетіп жатыр ғой!Менің қиялымда қазақ жастары,Орта Азияда,Таяу Шығыста,Арабстанда,Африкада жел,күн,су электр станияларын орнатып жүр.Алдағы жиырма жылда,Қазақстан үшін Атом электр станциясын салу кәзіргі жылу электростанцясын салудан да жеңіл болып қалады.Себебі бұл іс жоғарыда айтылған орталықта зерттеліп,сынақтан өтетін болады.Адам капиталын дамыту,интеллектуальды ұлт  болу дәрежемізді безбендеуге болатын статикалық бір дерек келтірейін. «Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары ҚР ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің деректері негізінде демография мен еңбек нарығына талдау жасады. Талдауға сәйкес, республикада тұратын 18,5 миллион адамның ішінде 9,2 миллион адам жұмыс күші санатына жатады, ал іс жүзінде 8,7 миллион адам жұмыс істейді, оның 6,7 миллионы – жалдамалы жұмысшылар. 2019 жылғы 3-тоқсанда Қазақстанда ресми жұмыспен қамтылған, яғни ресми экономикада тіркелген, 3,35 миллион адам жоғары білімді және 3,74 миллион адам арнайы білімі бар адамдар, ал 1,68 миллион жұмыскердің тек орта білімі ғана бар, олардың  600 мыңға жуығы ауыл шаруашылығында істейді.»Келер жылдары батыс өлкеде орнай-тын «Газ және мұнай химиясы»  Университеті жанына «Полимер мен пластмасса» ғылыми зерттеу өндіріс орталығы салынып,жоғары және арнаулы білімді  инженер,техник,технологтар дайын-далмақ. Білім революциясы тек Техникалық жоғарғы оқу орындарында ғана жүрілмейді.Орта білім жүйесінен басталады.
Бүгінгі Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесінде мектептің көптеген түрлері жұмыс істеп жатыр.Жеке меншік мектебі. Республикалық жеке меншік білім беру ұйымдары қауымдастығының мәліметінше, жекеменшік мектептердің саны жылдан жылға өсіп келеді,  арықарай да өсе беретін бағыт алған.Мысалы,өткен жылы,Алматы қаласында (+9 мектепке), Ақтөбе облысында (+1), Батыс Қазақстан облысында (+1) және Қарағанды облысында (+1 мектепке) өскен.Еліміздегі мектеп жасындағы балалар саны 3 млн.-ға жуық. Жекеменшік білім беру мекемелерінің үлесі 1 пайыз шамасында. Ал, әлем бойынша бұл көрсеткіш 12-29% құрайды.Бүгінде Қазақстанда 3 300-ге жуық ұстаз жеке меншік білім беру ұйымдарында жұмыс істейді.  Шағын жинақты мектептер жалпы орта білім беру ұйымдарының жалпы санының 44 %-ын құрайды. ШЖМ-ның материалдық-техникалық жарақтандырылу деңгейі төмен,бір  мұғалім бірнеше пәннен сабақ беруге  мәжбүр.Ауылдық және қалалық мектептердің арасында (материалдық база, мұғалім кадрлар мен қамту,мұғалімдердің білім беру,оқушылардың білім алу мүмкіндігінде) айтулы айырмашылық  бар. Ауылдық жерлерде орналасқан мектептердің саны қалалық мектептерден 3,3 есе көп. Бұл ретте қалалық мектептердің оқушылары ауылдық оқушылармен салыстырғанда көп (қала – 1 412 503, ауыл – 1 311 624).  Жалпы, еліміздегі 7014 мектептің 128 үш ауысымды және 31 апатты жағдайдағы мектеп аталып оны арылту ісі жан-жақты қарастырылуда. Бізде толып жатқан «Дарын», «ҚТЛ», «НЗМ», қосымша білім беретін т.с.с. мектептер де бар.Бір сөзбен айтқанда,  орта білім жүйесі нағыз ізденіс пен талпыныс үстінде.Алайда барлығы жетіліп, өзгеріп,   жайнап, кемеліне жетіп кетті дей алмаймыз. Дәлірек айтқанда,олардың бағдармалары,  оқулықтары, мұғалімдердің шеберлік денгейі,білім беру сапасында айтулы айырмашылық   бар,тіптен мұғалім-дердің  еңбек жүктемесі, жалақысына дейін алалық орын алып отыр.

Осының бәрін теңестіріп,бір деңгейге келтіріп,оның тиімділігін арттыру бүгінгі күннің басты міндеті болмақ.  Орта білім беру үш кезеңмен тәрбиелеу және  оқыту сатылы, сабақтасқан, жүйеге көшу керек.Алғашқы кезең:(3-10 жас)-  сауат ашып  жетілу, (11-14  жас)  дараланып  даму.Осы күнгі  мектепалды мекеме мен  бастауыш мектеп бір арнаға түсіп, негізгі  мектептің құрамдас бөлігіне айналу керек.(Мұны ғимараттық және әкімшілік бірігу деп ойлап қалмаңыз. Әңгіме, бағдармалық,мазмұндық сабақтастық туралы болып отыр)  Бүгінгі балабақша, балдырғанның уақытын алдарқатып өткізу орны да емес,сондай-ақ,оларды  мектепке дайындау  мекемесі де емес.Балдырған балбөбектерді дамытып жетілдіретін,оқытып үйрететін ерекше оқу орны екенін мойындау керек.Екінші жағынан, елімізде мектеп жасына дейінгі балалардың 95,4 пайызы балабақшаға қамтылу мүмкіндігі қолға келгенін ескерсек,ертең ақ 100 пайызға жететіні даусыз болғандықтан бұл ұсыныс орынсыз да емес.Мектепке дайындау да,алты жас аясында балабақшада бірнеше айлық уақытта жүргізіледі.3-10 жас аралығында барлық балалар сауат ашып жетілуге тиіс.Сауат ашып жетілу дегеніміз не? ЮНЕСКО-ның ұсынған білім философиясы бойынша осы  заманда өмірге келген ұрпақ,есі дұрыс дені сау болса (қазақ бұларды текті жан деп атаған) он үш түрлі сауатын ашып жетілдіру  арқылы  кәсіп игеріп,ғылым негізін үйрене алады екен.Ең әуелі,ақыл-есі түзу,ойлап зерделей алу,тоқып еске сақтау сауаттылығы мен  сөйлей алу сауатын  ашуы тиіс. Білім  шыңына үш жол апарады: ойлау жолы – бұл игі әрі қайырымдылық жол, Ұқсауға тырысу мен еліктеу бұл –  жеңіл жол, Тәжірибе жинау жолы – ең құдіретті әрі абыройлы биік жол.Әл-Фараби бабамыз айтқан «туа бітті интеллекті»  дамып,Нәзипа апамыздың ескерткен  «сөйлеу өнерін» игерту осы жастағы балалар үшін басты білім.Ал, мектеп есігін аша сала оқу жазуы алдыңғы аталған сауаттарға ұштаса отырып дамытылуы ләзім. Н.Құлжанова: “Балаға сусындай керегінің бірі – сөйлеу. Түрлі білімнің түбірі, негізі – баланың сөйлеуі…»-деп,олардың ойлағанын ашық та,айқын толық жеткізе білуі,ғылым-білім игерудің алғышарты екенін өте дұрыс көрсеткен.Оки алу,жаза алу сауаты мектеп жасына жеткендердің ыждаһаттықпен игеретін  асыл сауаты.Бүгінгі таңда мектеп жасындағы сәбилердің игермек сауаты осымен ғана бітпейді.Ұлық ұстаз А.Байтұрсынов: «Сауат ашу дегеніміз тек оқу-жазумен ғана шектелмейді …»-деген екен.  Айталық еңбек ету сауаттылығынсыз,мәдениетінсіз адам баласы қашан да,тән және жан азығын тауып,дәмін татпағаны баршаға белгілі.Тән азығын нәресте шағынан игерген жас бала жан азығын анасының үнінен,сылдырмағының дыбысынан алады.Шақалақ үшін алғашқы еңбек –ауыздану.Осы дене еңбегін игеру сауаты күн сайын өсіп жетіліп,бекіп нығайып отыруы тиіс.Аунау,еңбектеу,тік тұру,қадам басу т.т. жалғаса береді.              Нәресте әр күн сайын өмірмен танысып,қадам басқан  сайын « жаңалық ашады.»Осы жаңалықты  ашу үшін оған танып білу  сауаттылығы қажет.Дәлірек айтқанда, жаңалық ашудың сәбиге тән әдіс-тәсілі болады.  Сәбидің жасы қосылған сайын осы әдіс-тәсілдерлің саны,шанағы, дәрежесі үнемі артып отырады.Кейбір әдіс-тәсілдер бекіп,машық дағдыға айналады.Олай болса балаға білім беру,оны  тәрбиелеу,дамыту дегеніміз олардың «ғылыми жаңалық» ашып,зерттеу машық дағдысын жетілдіруге көмек көрсету,қолайлы жағдай туғызу. Жаратушыдан берілген ақыл-парасаты молығып,нұрлануы шарт.Көкірек көзі ашылу басталып,ақыл көзі айқындала түсу керек.Бұл оқу-тоқу жасалмаса,оның интеллектуалдық дамуы жасалмаса иманды ұл,ибалы қыз қалыптаспайды. Осы заманғы ғылымның анықтауы бойынша адам интеллектісінің 40-50% бес жаста, 60-70% жеті жаста, 9 жаста 92%-ға дейін және 15 жаста толық қалыптасады.Қазақта осы жастағы балалардың интеллектісін қалыптастыратын арнаулы ойын-ойынщық,тақпақ,жаңылтпаш,жұмбақ (оның өзі бес бағытта),ән-күй, ертегі, есеп,әңгіме бар болған.Хат танытып,жазу сызу үйретпесе де олардың зердесін  ашып, көкірек көзін оятатын,тамаша құралдары, оңтайлы  әдіс амалдары жеткілікті еді.Осы заман алдынғы  айтылған сауаттылықтарға:-есептеу сауаттылығы,  қаржылық сауаттылық,ақпараттық сауаттылық,компьютерлік сауаттылық,  өміртану сауаттылығын тіркеп отыр.Сауат ашып жетілдіру шағында балдырғандар еркін ойлайтын,келістіріп оқи алатын,шебер жаза алатын,ауызша және техникалық құрал пайдаланып терең есептей алатын,сауаттылығын өмірде көрсете алатын,пайдаланып іске жарата алатын,немесе сауаттылықта  «алып та жығатын,шалыпта жығатын» пәрменді,  қабылет қарымды болу керек. Осының бәрін 3-10 жас аралығында игертуге арналған жаңа мазмұнмен  толықтырылған заманауи бағдарлама жасауымыз қажет.11-15 жас аралығында осы сауаттылығын тереңдетіп жетілдіріп,жеке басының қарым –қабылетіне сай,ынта-қызығу талпынысына сай,бейім ыңғайына сай еңбек пен өнер-білім жолына түсу таңдауын жасайтын болуы тиіс.Айталық,адам баласында әсемдікті игеру тума сауаттылық бар екен. Себебі,оны  Жаратушы да,өмірге әкелген ана да,қоршаған орта да әсемдікке бөленген  сырлы дүние.Текті жан солардың барлығынан алатын еншісін алып өмірге келеді.Егер осы дарын  көзін ашып,сауаттылығын игертіп,жетелеп жетілдірсеңіз,сөзсіз ол,дара даму жолына түседі.Өткен шақтағы қазақтың өнер майталмандары  ордалы оқу орнын көрмесе де, осы сауаттылығын жетілдіріп дамыту арқылы аты  жалпақ жұртқа,ел аумағына, асырып айтсаңыз әлемге танымал болған.Олай болса,осы күнгі негізгі мектеп аталып жүрген орта мектептің екінші басқышында дара дамыту басты ұстаным болуға тиіс.Осы жағдайда, музыкалық,бейнелеу-мүсін өнері,сөз өнері, би өнері,спорттық  т.б. қарым-қабылетін ашып,  олардың ынта жігеріне сай талант қажет ететін арнаулы мектептерге бағыттап баулып отыру керек. Ал,ғылымға және еңбекке қызықтыру,бейімдеу, ынталандыру осы кезеңдегі тәрбиелеу,оқыту ісінің негізгі бағыты  болғаны дұрыс. Еңбекке баулудың өзі балалардың бейім ыңғайы,ынтасына сай келешек кәсібіне негіз боларлық бағытта жүрілуі тиіс.Мысалы оқушыларға ой еңбегімен айалысып жатқанын оның да сауаттылығы  бар екенін ұқтырып,білім игерудің  технологиясымен толық таныстыру қажет. Қол еңбегінің қарапайым технологиясы емес ең озық технологиясы үйретілу керек       Айтылған орта білім берудің  қос  сатысын: егер  қазақ тілінде ,үйретіп  ұқтырсаң,сауат  ашып оны жетілдірсең,   Қазақстан Республикасында қазақ тілінде оқытатын негізгі  мектебін   ашу,жұмыстату мүмкіндігі  қолға келмек.  Екінші жағынан бұл мектепте отбасында өз тілінде оқып-тәрбиеленген қазақ баласы ғана емес,орыс,неміс,кореец,өзбек,армиян т.б.  этностардың кез-келгенінің балалары да  осы мектепте  оқып білім алып,сауат ашып   дами  алады. Орта мектептің алғашқы екі  сатысында:сауат ашып,жетілдіріп және дара дамытуды оқытып-тәрбиелеу ісінің негізі болдырудың ең  басты артықшылығы  осында  болып отыр.            Ал,орта білімнің алғашқы екі сатысын ағылшын тілінде ,орыс тілінде,неміс тілінде,қытай т.б. тілінде жүзеге асырсаң  Қазақстан Республикасында шет тілінде оқытатын  мектеп ашу,жұмыстату мүмкіндігі қолға келеді.Кәзіргі орыс тілінде оқытатын мектеп-теріміз,қазақ тілінде оқытатын мектеп пәндерін орысша аударып ұсынған.Бұл  шет тілінде оқыт-атын мектеп санатына жатпайды.Олар «аударма» білім, «аударма» тәрбие беретін ең зиянды мектеп. Ондай мектептің қауыптілігін Қордай ауданында орын алған келеңсіздік бізге толық ұғындырды,
Орта білім берудің келесі сатысы 11-12 сынып оқушыларын оқытатын зияткерлік мектеп болады.Ғылым-білімнің белгілі бағытына ынта көңілі ауған,талғап таңдап оқуға, ғылым негізін тереңдетіп игеруге бейімделген,білім алу технологоиясын әжептәуір меңгерген оқушылардың мектебі болуы тиіс.Ол осы күнгі іріктеп алынған оқушылардың басқадан артықшылық иеленетін НЗМ –не ұқсас болғанымен,өзара алалық (бағдарламасында, оқулығында,оқу–білім беру дәреже-сінде,сапасында,оқытушылардың жалақысында,т.б.) болмайды.Ешқандай емтихан  тапсырмайды, оқушының қалауы,таңдауы шешеді. Қамтылған оқушы санына сай аудандарда  1-3, қалалар мен аумақты өлкелерде 5-6 -ға  дейін құрылады.Қарапайымдау тілмен түсіндірсек  11-12 сыныбы бар барлық мектеп  зияткерлік мектепке айналады,алайда ол мектепте 10-1-ге дейінгі сыныптар болмайды.Мұндай мектептер бір кезде «ауыл аралық  мектеп» аталған жағдай болған. Келешекте, негізгі мектепті  бітірген түлектердің көбісі арнайы орта мектептер мен ТжКБ беретін мектептерге баруға ынталы  болады.Аудан орталықтарында зияткерлік мектепке үзеңгілес, Шағын жинақты мектептер мен негізгі мектептерге тікелей көмек көрсететін «Жәрдем» орталықтары жұмыстап, жылжымалы кабинет,он-лайн сабақ өткізетін,құрылғылармен жабдықталған ақпарат тарату лабаро-ториялары болуы қажет.Мұндай жәрдем ,көмек орталықтары Жапонияда, Америкада кәзір де бар. ШЖМ-де бірнеше пәнді бір мұғалім үйретіп жатқанын көріп қана жәрдемдеспей, негізгі мектептің бірінде орын алып жатқан сауаттылықтың жетіспей,дараланып дами алмағанын айтып қана отырумен шектелу қандай әлсіздік деңізші! Өзіміздегі ұстаз шеберлігі ортадықтары мұндай ауқымды оқытуға қауқарсыз.тек мұғалімдер аумағынан  аса алмай жүр.Кәзір жас мұғалімдердің айтып жүрген пікіріне құлақ түрсеңіз Қазақстанда ШЖМ-ден толық арылу мүмкіндігі бар екен.Тек  урбанизацяны дұрыс басқару қажет.
Екінші бір мәселе зияткерлік мектептер ауданда құрылса интернатымен  қоса болуы тиіс.Сондай-ақ,оның оқу- өндірістік  базасы, еңбекке баулу,кәсіп игерту мүмкіндігі болу керек. Мұны жүзеге асырудың бізде екі түрлі жолы бар. Бірінші.Әр аудандардағы  зияткерлік мектеп пен арнайы орта оқу орындары, кәсіптік-техникалық  мектептердің өзара ынтымақтастығы мен байланысын жаңа белеске көтеріп,  олардың материал техникалық  базасын, өндірістік оқу орталықтарын бірігіп пайдалану,  өндірістік оқу жүргізуге бейімдеу  қажет.Бұл әлемдік тәжірибеден өтіп сыналған үрдіс.Олар өзара мектеп ауыстыру,мамандық игеруде еркін болу керек.Екінші.Әр зияткерлік мектептер өз аумағында және өндірістік мекемелер, фермерлер мен бизисмендер,шаруа қожалықтарымен келісім шартқа отырып, 8, 9,10 сынып  оқушылары айлық немесе  45 күндік еңбек тоқсанын өткізу орынды.Мұның бастамалары өзімізде кәзір де бар. «Бұл жағдай әр жыл сайын  21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай қалады.Жастардың бұл тобы жұмыссыздар мен маргиналдардың негізін құрайды. Олар амалының жоқтығынан қылмыстық және экстремистік ағымдардың ықпалына түсуде.»-деп президент айтып ескерткен олқылықты жоюға мүмкіндік береді.Екінші жағынан:«Біз оқушылардың қабілетін айқындап,  кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшуіміз қажет.Бұл саясат орта білім берудің ұлттық стандартының негізі болуы тиіс,»-деген президент  тапсырмасын осылай жасасақ қана орындай аламыз.

Қобдабай Қабдыразақұлы

24 ақпан 2020

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз