Жемқорлардың аты-жөні жұртқа жария етілді – видео

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Білім саласындағы жемқорлар туралы видео жасалды. Роликтің басында бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбедиева тұр

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мұғалімдер арасында түсіндіру жұмыстарын бастады. Бүгін астанада арнайы жиын өтіп, сол жерде білім саласындағы жемқорлардың толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тағы оқыңыз: Бұрынғы вице-министр Суханбердиеваның ісіне қатысты қосымша деректер шықты

Жиналыс кезінде астаналық мұғалімдерге арнайы бейнеролик көрсетілді. Онда білім саласындағы жемқорлардың істеріне шолу жасалады. Роликтің басында бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбедиева мен №3 мектеп гимназиясының бұрынғы директоры Елена Шеверняеваның ісі жайында айтылады. Одан кейін «Кәсіпқор»холдингінің басқарма төрағасы Елдана Сәдуақасованың қылмысы баяндалған. Ол өндірістік құрал-жабдықтарға бөлінген 2,4 миллион АҚШ долларын жымқырып кеткен. Бұдан бөлек, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарында болған жемқорлық әрекеттердің толық тізімі жасалыпты. Соның барлығы видеода көрсетілген.

Агенттіктің ақпараты бойынша соңғы үш жылдың ішінде білім беру саласында 450 жемқорлық фактісі тіркелген. Сотқа 355 қылмыстық іс жолданды. Осы қылмыстар бойынша 178 адам сотталды.



sputniknews.kz