Желтоқсан туралы фильм түсіріп, Назарбаев сатып алғысы келген қазақтың батыр режиссері өмірден озды

0

«Аллажар» фильмінің авторы Қалдыбай Әбенов өмірден озды.
Қалдыбай Әбенов 1951 жылы туған. Желтоқсан туралы түсірілген «Аллажар» фильмінің авторы.

Қалдыбай Әбенов туралы Қалила Омаровтың жазбасын ұсынамыз.

Желтоқсан ақиқатын көркем экранға шығарған, сол үшін өмір бойы НАН жүйесі изгой жасаған Қазақ Батыры Қалдыбай Әбенов жүрегі тоқтады!

Азаматтығын саясат астарына жасыра білетін Иманғали Тасмағамбетов Назарбаев пен Әбенов арасында делдал болды!

«Аллажар» көркем фильмінде Назарбаевты «қара образдан» алып тастап, наоборот Желтоқсан қозғалысы басында Назарбаевты көрсетіп эпизод қоссаң, саған атақ, мемсыйлық, пәтер, жұмыс, джип мінгіземіз! – деген марапатқа Қалдыбайдың айтқаны:
– Мен Желтоқсаншы жігіттерді түрмеден жинап шығарғанда, (оларды кім көрінген көсем болып, өз мақсаттарына пайдаланды) тек ақиқатты айтамын! – дедім.

Енді олардың бетіне қай бетіммен қараймын?

Міне, ол осылайша билікке жағынбай, азаматтық ар – ұятын жалау етіп өтті!

Жоғарыдағы фактіні бұйырса, тірі болсам, жаназаңда ашық жариялаймын! – деп айтқанмын. Көп адамның атын айтуға болмай тұр.

«Аллажар» фильмі туралы

Режиссер: Қалдыбай Әбенов
Шыққан жылы: 1996
Рөлдерде: Ақан Сатаев, Жазира Қожабергенова, Назира Бақаева, Марина Кунарова, Алексей Шемес, Айдос Бекмиров, Андрей Скоров
Сценарий авторы: Нұрлан Сегізбаев, Қалдыбай Әбенов, Александр Лапшин
Оператор: Әбілтай Қастеев
Композитор: Әділ Бестібаев
Бюджет: 150 мың АҚШ доллары
Жанры: Тарихи, Өмірбаян»Аллажар» көркем фильмнің түсірілімдері 1988 жылдан 1996 жылға дейін созылған. Басты рөлді «Рэкетир», «Ағайындылар», «Мың бала» фильмдерінің режиссері Ақан Сатаев сомдаған.

«Келер ұрпаққа қыршын кеткен ерлердің ерліктерін үлгі ретінде көрсету, қазақтың мүддесі үшін, қазақ жастарының қандай ерлікке барғандарын дәріптеу мақсатымен түсірілген фильм ғой. «Аллажар» деген атауының өзі ежелгі ата-бабамыздан келе жатқан жалбарыну ғой, біздің бабаларымыз қиналған сәтте Жаратушыға сиынатын. Желтоқсанға қатысқан жастар да «Я, Аллам, өзің жар бола гөр!» деп шейіт боп жатты. Мұның атауының өзіне алғашқы күннен бастап тиіскен еді, ол кез шындықты айту қиын, Колбиннің тақта отырған кезі еді ғой, осындай уақытта фильмді бастау да оңай болған жоқ.» – дейді «Азаттыққа» берген сұхбатында фильмнің режиссері Қалдыбай Әбенов.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз