Жас қызды зорлап видеоға түсірген жігіт оны бопсалап, 5 несие алғызған

0

Әзиза есімді қызды таныс жігіті көлік ішінде зорлап, болған оқиғаны видеоға түсірген. Сол арқылы жас қызды бопсалап, қоқан-лоққы көрсеткен. Арсыз әрекеті арқылы банктен 5 бірдей несие алғызған.

 

“Өз ойым” бағдарламасына Әзиза есімді кейіпкер хабарласты. Оның айтуынша, аз уақыт аралығында таныс болған жігіті көлік ішінде оған зорлық көрсетіп, дәлел ретінде ұялы телефонына түсіріп алған. Аз уақыт аралығында қаражат тауып бермесең, видеоны таратамын деп қоқан-лоққы көрсеткен. Бірінші несиесін алып, жігітке табыстаған Әзиза одан кейін де сол жігіттен бірнеше мәрте қорлық көрген.

Полицияға хабарлап, арыз жазғанымен, жігіт анаңды өлтіремін дегеннен кейін, арызды қайтарып алған. Қазіргі уақытта Әзиза оған 5 несие алып қарызға батқан.

“Оған әлсіз жағымды байқатып қойдым. Әлсіз тұсым – менің әкем 2013 жылы қайтыс болды. Анам бізді бағып-қағамын деп барын салды. Әкем ішті дедім. Ол басында “саған әке, аға боламын” деді. Кейін видеоны 2-3 адамға көрсеттім деді. Мен шошыдым. Ашпай-ақ қойыңыз дедім. Ағаңа жеңіл жүрісті қыз екеніңді айтамын деді. Оны өшіру үшін не істеуім керек деп едім, куәлігіңді алып, несие аласың деді”, – деп жылайды Әзиза.

Анасы Алтынай Әбдірахманова қызының басынан өткен бұл жайтты білмеген. Бір жігітпен араласып жүргенін білгенде онымен танысқан. Бірден ұнатпаса да, қызының көңілі үшін ештеңе демегенін айтады.
“Түрін көргеннен ұнатпадым. Өйткені қу, зұлым адам екенін жүрегім сезді. Қызыма мұнымен жолықпай-ақ қойшы дедім. Қызым ұнатамын деді. Үйге де шақырдым. Іші-бауырына кіріп, өзі жақсы сөйлейтін бала екен. Өзің ұнатсаң, қойдым дедім”, – дейді Алтынай Әбдірахманова.

Бағдарлама журналистері аталмыш жігітпен кездесу мақсатында тұратын мекен-жайға барғанымен жігіт үйінде болмаған. Тікелей эфирде қоңырауға жауап берген жігіт Әзизаға қол көтермегенін айтты. Десе де, зорлау фактілерін анықтайтын, қол көтеру жайлы фактілерді мамандар тізіп бергенде, оның жауабы болмады. Бағдарлама барысында психолог және заңгер көмек беретіндігін айтты.

Источник: Stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз