«Жарты миллион кредит алдым»: «Алашұлының» экс-әншісі әлі пәтері жоқ екенін айтты – Қазақстан жаңалықтары

0

«Алашұлы»тобының экс-әншісі Ұшқын ЖамалбекStan.kz тілшісіне экслюзив сұхбат беріп, өзінің кемшіліктері мен қиындықтары туралы сыр бөлісті.

Ұшқын Жамалбек

Ұшқын, қысқы демалыстың естеліктерін парақшаңыздан байқамадық…

Менде қысқы демалыс болмады. Әріптестерім секілді шетелдегі фотосуреттер мен видеолар салатын уақыт әлі келмеген сияқты. Қазіргі мақсатым жаңа репертуар, жаңа бейнебаян, жаңа образ жасау болып тұр. Сол бағытта қызу жұмыс жасалуда. Мен үшін ең үлкен демалыс – студиядағы ізденіс уақыты.

Кредит алып көрдіңіз бе?

Кредит алмадым деп өтірік айтпаймын. Жарты миллиондай алған кезім бар. Содан кейін түсінгенім кредит алмаған абзал екен. Реті келсе біреуден өсімсіз қарызға алып, соны қайтарып берген дұрыс. Әрине, кейде сұрайтын адам немесе басқа бір шығатын жол болмай қалады. Сол кезде адамдар амалсыз кредит алады. 

Ұшқын Жамалбектің жеке меншігінде не бар?

Жеке меншігімде көлігім, студия-ән жазатын орталығым, музыкалық аспаптарым ғана бар. Әзірге үй жоқ. Жалдамалы пәтерде тұрамын.

Топтан кеткеніңізге өкінген сәттеріңіз болды ма?

Жоқ, ешқашан топтан кеткеніме өкінген емеспін. Бұл – менің шешімім. Қазір жеке шығармашылығым да алға басып келеді. Әрине, сын сағаттар болды. Бола да бермек. Бастысы, өнеріммен болса да халқыма қызмет ету.

Өмірге қайта келсеңіз не өзгертер едіңіз?

Негізі өміріме ризамын. Алайда, сондай мүмкіндік туса көбірек білімге мән беретін едім. Көбірек оқып, барлық жақтан білімді болуға тырысар едім.

Ұшқын Жамалбек

Бойыңыздағы үш кемшілікті айта аласыз ба?

Біріншісі- мен тиянақсызбын. Мысалы, кейде бір жұмысты жасап жүріп, ойыма келген екінші жұмысқа секіріп кететінім бар. Қазір осының дұрыс еместігін түсініп, кез-келген істі соңына дейін жеткізіп,нүктесін қоюға өзімді үйретіп жүрмін. Екіншісі-жалқаумын. Әр істі тек көңіл-күйіме қарай жасайтыным бар. Кейде көңілім болмаса, барлық жоспарлы істерді ертеңге қалдыра салатыным бар. Үшіншісі, адамдармен араласа алмаймын. Көп адам бар ортаға барғым келмейді. Бұл мен үшін үлкен кемшілік болып тұр. Себебі, адамның күні адаммен дейді. Егер ортаға тез бейімделгіш әрі тіл табысу оңай болса, тез сыйласып, араласып кете аласыз. Араласу-сөйлесу арқылы көп пікір қалыптастыру мүмкін болады. Бойымдағы өзіме ұнамайтын кемшіліктер – осылар. Мен білмейтін қателіктер де көп шығар. Былайша айтқанда,н әпсімен күресудемін. Өзімді жақсы жағына өзгертуге тырысып жүрмін.

Инстаграм сізге қаншалықты табыс әкелуде?

Жоқ, инстаграм маған табыс әкеліп отырған жоқ. Күнделікті ақылы жарнама жасап, ақшаның астында қалып отырмын деп айта алмаймын. Инстаграмға емес, шығармашылыққа көбірек көңіл бөлудемін. Әрине, елге пайдалы дүниені ақылы жарнамалау туралы ұсыныс түссе – қарсы болмаймын. Ақша ешкімге де артық еткен емес, және ол елге пайдалы дүниені жариялау екі есе пайда деп білем.

Достарыңыз көп пе?

Достарым өте көп емес. Саусақпен санарлықтай сыйласып, сырласып жүрген адал бауырларым бар. Достарымның санаулы болуының басты себебі сол тез адаммен тіл табысып кетпейтіндігім және көп адам бар орталарға бармауым деп білемін.

Ал, есеп достармен таныссыз ба? Сондай азаматтар өміріңізде кездесті ме?

Оны енді Алла біледі. Бірақ,менде есеп достар жоқ деп ойлаймын. Жанымда жүрген сырлас, бауырларым – ең адал жандар.

Ата-ана алдында өзіңізді қандай баламын деп санайсыз?

Мен өзімді ата-ана алдындағы борышымды өтеген керемет баламын деп айта алмаймын. Міне, жуырда ғана ата-анамды елге көшіріп алдым. Қазір құжаттарды реттеудеміз. Ата-анамыздың қасымызда болғаны жақсы екен. Көңіл тоқ, береке мол болады. Тәуліктеп кейде үй көрмей жұмысбасты боп кетеміз. Сол кезде ата-анама телефон да соғуды ұмытып кетемін. Кейін іштей қап, әттеген-ай деймін.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз