Жантүршігерлік апат екі адамның өмірін қиып кетті

0

Кеше «Челябі – Новосібір» тасжолының СҚО Қызылжар ауданындағы Пеньков ауылының тұсынан өтетін бөлігінде үлкен жол-көлік апаты болды. Осы жолмен Мағжан Жұмабаев ауданынан келе жатқан 62 жастағы азамат Toyota Camry көлігімен жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Булаев қаласынан келе жатқан КамАЗ автокөлігіне бетпе-бет соғылған.

Нәтижесінде Toyota Camry-дің жүргізушісі мен жанында отырған 63 жастағы азамат тіл тартпай қаза болды. Ал 56 жастағы КамАЗ-дың жүргізушісі аман, тек көлігіне көп зақым келген.

Қазір ЖКО бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, тексеру жүргізілуде. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалып, жүргізілуде.

Жалпы, ағымдағы жылдың 7 айында СҚО-да 98 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оларда 13 адам қайтыс болып, 129-ы жарақат алды.

egemen.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз