Жансақтау бөлімінде жатқан қазақстандық танымал актер өмірден озды

0

Кеше отандық танымал актер Дархан Дайырбектің жансақтау бөлімінде жатқанын жазған болатынбыз. Бүгін Д.Дайыбек өмірден озды деген қаралы хабар жетті. Бұл туралы марқұмның курстасы Сәуле Әбілдаханқызы өзінің парақшасында жазды.

Марқұмның туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

Айта кетейік, Дархан Дайырбек 1969 жылы дүниеге келген. Қазақстанның мәдениет қайраткері, актер. «Терісқақпай» комедия театрының әртісі. Отандық бірнеше фильмдерде басты рөлді сомдаған: «Әкім», «Құдалар», «Қазақша тонау», «Сүрбойдақ», «Келинка Сабинка-2», «Бес күндік күйеу», «Мен күйеу баламын», т.б.