Жанарыс Жақсылықұлы ағзадағы кеселден арылтады

0

«Жігіттің жақсысы – нағашы­дан» демекші, түп нағашысы қазақ тарихында орны бөлек, аты аңыз­ға айналған Ақтан батыр екен­дігін айтсақ, кейіпкеріміздің бол­­мысы одан сайын биіктей түсе­­тіні анық. Шежіресі осындай текті­лерден тарайтын Жанарыс ата­ның елдің мүддесін ойлап, хал­қы­на қалт­қы­­сыз қызмет етуі де заң­ды­лық. Бү­гін­де Ақтөбе қаласының төрін­­д­е ор­­наласқан Жанарыс ата­ның үйі­­нен кісі арылмайтыны да сон­дық­­тан. Ауруына шипа, жанына дауа із­­деген мындаған адам осы бере­ке­лі шаңыраққа ат басын тірейді.

Онкологиялық, СПИД, бедеу­лік, аутизм, инсульт, инфаркт, ДЦП, аутоим­мунды ауруларға шал­­дық­­қан­дар медициналық жақ­тан тек симптоматикалық белгі­лерін қоздырмауға бағыттал­ған ем-шараларды ғана қабылдап, одан толық жазылу мүмкін болмай отырғандығы белгілі. Әлем бойынша медицина ғалымдарының назарында тұрған аталған дерттерді зерттеулер қорытындысы әзірге нәтижесіз күйде қалып отыр. Біз сөз етіп отырған Жанарыс ата­ның шапағатының арқасында жо­ғарыда аталған аурулардың ши­пасы табылып, аталған ауру түр­лерінен айыққандар өте көп.

Ауруханада емдеу барысында қолданылған дәрілердің зақымдалған клеткалармен қоса, сау клеткаларды, соның ішінде қорғаныс – иммунды жүйе клеткаларын жоятын кері әсері де болады. Науқастың алғашында қоршаған ортамен – табиғатпен, ауру асқынған соң өзіне екінші адам­ның күтімін қажет етіп, әлеу­мет­тік дертке ұласуы, дәрі­лер­дің, ем-шаралардың өте қымбат­тылығы, науқас психологиясының біртіндеп бұзылуы, асқынулары кездеседі. Туу жасындағы әйел­дер­де жиі кездесетін мастопатия, басқада туу жолдарының ауруларын табиғи жолмен емдеп, әрі қарай бала туғысы келетін, бірақ денсаулығы көтермей, дәрігерлер қатаң тыйым салған, өміріне аса қауіпті деген тұжырыммен келген әйелдер Жанарыс Жақсылық­ұлының берген емін алып, денсау­лығын оңалтып, әрі қарай бала көтеріп, дені сау балаларды дү­ниеге әкеледі. Қазақстанның көп жерін­де, соның ішінде эколо­гия­лық, радиациялық апат аймағы ата­ла­тын бұрынғы полигон аймақ­тарынан келген: Азғыр, Ембі-5, Семейдегі Курчатов, Ақтөбедегі Жарқамыс, мұнай және басқа да пайдалы қазбаларды игерудегі пайда болатын улы, мутагенді заттардың молекулаларымен уланып, ауырып келген науқастарды да емдеп, тазартуда.

Жанарыс Жақсылықұлы Ең­сепов 1991 жылдан бастап, бойындағы қасиетті білімінің арқасында қазақстандықтарды ғана емес, шетелдерден келгендер­дің өмірлерін аман алып, денсау­лық­тарын нығайтуға көмегін беріп келеді. Алыс-жақын жерлерден емделуге келген жандардың арасында Ресей, АҚШ, Норвегия, Ис­пания, Еуропа,Түркиядан келу­шілер өте көп.

Емделушілер мен дәрігер­лер­дің емге дейінгі және емнен кейінгі диагноздары жүйелі түр­де жіктелініп, емшінің жеке мұрағатында сақталады. Мұра­ғат­ты науқас тарихы сақталатын орын деп айту жеткіліксіз, мұнда зиянды әдеттерден арылған адамдардың алғысы, дене мүшелеріне туа біткен ақауларынан жазылған­дар, әу баста диагноздары расталмай, Жанарыс ата көмегімен белгісіз ауыр дерттен жазылған­дар шежіресі деп айтуға тұрар­лық. Тіпті дәріге, зиянды заттар­ға, өтірік сөйлеуге тәуелділіктен арыл­­ғандар, мінез аномалиялары­нан емделгендердің «дерт мұра­ғаты» да сақталған. Қазіргі таңда науқастар дертіне шипа табатын шаңырақты халық «Мектеп ата үйі», оған қоса «Денсаулық мектебі» деп те атайды. Жанарыс ата туралы жан-жақты хабардар болғысы келген жандарға ақын Шөмішбай Сариевтің Жанарыс Жақсылықұлымен сыр-сұхбатын оқуды ұсынар едім.

Менің Жанарыс атаға барған сапарым бойымдағы сколиоз, бүйрек дертінен, түйінді зоб (узловой зоб) ауруынан айықтырып қана қоймай, жеке басымдағы болған қиындықтан арылтып, бойымдағы қарым-қабілетімнің жан-жақты өрістеуіне жол ашты. Өткен жылы анамды артроз бен артрит дертінен емдеп берді. Жанарыс атаның батасын алғаннан кейін отбасыма береке мен ырзық-несібе орнықты. Сондықтан халқының ықыласына бөленіп, ел-жұртының сауабын алып жүрген Жанарыс Жақсылықұлына, яғни Мектеп атаға өз тарапымнан алғысымды білдіргім келеді.

Қадірменді Жанарыс ата!

Сіздей айбынды батырды өмір­ге әкелген аруақты, текті ата-бабалардың тікелей ұрпа­ғы, на­мысын қолына ту етіп түсір­мей өткен әкеңізге және батыр туған анаңызға шексіз алғы­сым­ды білдіремін! Жанарыс Жақсылы­қ­ұлы, Сізге ерекше күш-қуат беріп, халқымыз әрқашан қолдай білсін! Ел мақтанышы болып биіктен көріне беріңіз!

 

Нұргүл ШЫҢҒЫСҚЫЗЫ

 

Дереккөз: http://egemen.kz/

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз