жаңа «Қазақстан аруы» ашық сұхбат берді  

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

71 0 0

2019 жылғы «Қазақстан аруы» байқауының жеңімпазы бала күнінде өзін ажарсызбын деп есептеген, ал қазір оның мыңдаған қолдаушысы бар. Бойжеткен неліктен тұрмысқа шығуға асықпайтынын және дене бітімін қалай сақтайтынын Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында айтып берді  

НҰР-СҰЛТАН, 30 мауым — Sputnik. Таяуда Таиландтың астанасы Бангкокта «Әлем аруы» 69-шы халықаралық сұлулық байқауы өтеді. Басты сұлулық байқауына біздің елімізден «Қазақстан аруы 2019» Мәдина Батық барады.

Қазақстан аруының маңызды конкурсқа қалай дайындалып жатқанын және «Қазақстан аруында» жеңіске жеткеннен кейін оның өмірінде қандай өзгеріс болғанын Sputnik тілшісі біліп көрді.

Көшеде танып жатады, Instagram парақшасына жазылатындар көбейген

Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Қазақстан аруы» байқауында 19 жастағы Мәдина Батықты көптеген көрермен бірден ұнатты. Павлодарлық ару келесі күні-ақ ұйқыдан танымал болып оянды. Оны туған өлкесі Павлодар ғана емес, еліміздің ірі және шағын қалаларының тұрғындары да тани бастады.


©
Sputnik / Владислав Воднев

«Қазақстан аруы» Мәдина Батықпен сұхбат

Жаңа арудың өміріне бірден мыңдаған Instagram қолданушысы қызығушылық танытты. Бойжеткеннің айтуынша, бір тәулікте оның Желідегі оқырмандарының саны үш есе артқан.  

«Жеңіске жеткенімді тек бір аптадан кейін ұғындым. Конкурстан кейін адамдар мені тани бастады. Оған дейін Instagram-да 5 мың адам оқыса, оның саны үш есе артты, қазір 16 мың оқырманым бар», – дейді Мәдина Батық.

Дұрыс тамақтану және ағылшын тілі  

«Әлем аруы» халықаралық конкурсы басталғанға дейін жарты жыл қалды. Осы уақыттың ішінде ол өзінің ағылшын тілінен білімін жетілдіріп, дене бітімін жақсарта түсуі тиіс.   

Оның айтуынша, конкурсты ұйымдастырушылар жас арудан көп нәрсе талап етіп отырған жоқ. Әзірге тамағын қадағалап, спортқа және ағылшын тіліне көңіл бөлу қажеттігін айтқан.

«Күн тәртібін әзірге өзім жоспарлап жүрмін, тіл курстарына жазылып қойдым, өйткені конкурста мүмкіндігінше ағылшын тілінде еркін сөйлеу керек, спортпен айналысып жатырмын, әрине, дұрыс тамақтану да басты назарда. Әзірге анау айтқандай салмақ түсіп жатқан жоқ, екі айдан кейін негізгі дайындық басталады, ол кезде менің кестем өте тығыз болатын шығар», – деп атап өтті ару.

Бойжеткен әзірге түрлі фотосессиялар мен сұқбаттарға уақыты бар екенін айтады.

«Ажарсызбын деп ойлайтынмын»  

Он тоғызыншы «Қазақстан аруы» Мәдина Батық көптің көңілінен шыға білді. Алайда үнемі олай болған жоқ. Мектеп кезінде ол өзін сұлулардың қатарына қоспапты.


©
Sputnik / Владислав Воднев

«Қазақстан аруы» Мәдина Батықпен сұхбат

«Білесіз бе, мектепте өзімді сұмпайы үйректің баласына ұқсататынмын – қасым қосылып тұрушы еді, ол әдемі көрінбейтіндей  сезілетін. Қазір сүйкімдімін деп ойлаймын», – дейді бойжеткен.

Ару қыз бес жылдан кейін кім болады

Мәдина Батық таяу уақытта табысты кәсіпкер, адал жар және асыл ана болғысы келеді.


©
Sputnik / Владислав Воднев

Қазақстан аруының тәжі

«Туризм» мамандығында оқитындықтан осы салада жұмыс істеймін. Жеке кәсібімді ашуым мүмкін, әзірге немен айналысатыным нақты емес», – деп жоспарымен бөлісті ол.

Еліміздегі бірінші сұлудың басы бос емес. Ол жігітінің 22 жаста және кәсіпкер екенін ғана айтты. Қыздың сән саласындағы бизнеске әуестігін қолдайды екен.  

«Жігітім бар, ол маған қолдау көрсетіп келеді, конкурста жеңіске жеткеннен кейін біздің қарым-қатынасымызда ештеңе өзгермеді», – дейді Батық.

Бойжеткен тұрмысқа шығуға асықпайтынын айтады, өйткені қазіргі басты мақсат – Бангкокта 7 желтоқсанда өтетін «Әлем аруына» дайындалу және елімізді жоғары деңгейде таныстыру.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз