Жаңа ОПЕК+ келісімі кімге көбірек қажет

0

Игорь Юшков, Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қорының жетекші сарапшысы – арнайы Sputnik жобасы үшін

Бірінші кезең сәтті өтті

6 маусымда ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің кездесуі барысында мұнай өндіруді қысқартудың бірінші кезеңінің нәтижелері шығарылып, одан әрі іс-қимылдың қалай болатыны туралы шешім қабылданды. ОПЕК+ 2.0 деп аталатын қазіргі келісім сәуірдің ортасында G20 және ОПЕК+ қатысушыларының келіссөздерінен кейін жасалды. Сол кезде өндіріс көлемін тәулігіне 9,7 миллион баррельге төмендету туралы шешім қабылданды. Шешім коронавирусқа байланысты мұнайды тұтыну көлемінің бұрын-соңды болмаған құлдырауы кезінде қабылданды. Әлемдегі барлық ел инфекцияның таралуымен күресу барысында бірдей шара қолданды: адамдар бір-біріне инфекция жұқтырмас үшін олардың қозғалысына шектеу қойылды. Нәтижесінде әлемнің барлық бұрышында ұшақтар тоқтап, көліктер жүрмей қалды, өнеркәсіп кәсіпорындары тоқтады. Соған сай отын тұтыну азайды. Ал мұнай өндіру карантинге дейінгі мөлшерде қалды.

Сонымен қатар Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы мұнай өндірісін қосымша қысқарту мәселесі бойынша әртүрлі жағдайға байланысты ОПЕК+ келісімі 2020 жылдың екінші тоқсанында іс жүзінде бұзылды. 2020 ылдың 4-6 наурызында өткен ОПЕК+ келісіміне қатысушылардың кездесуінде корольдік барлық қатысушы үшін қазірдің өзінде әрекет ететін квоталарға мұнай өндірісі көлемін тағы да 1,5 миллион баррельге қысқартуды ұсынды. Бұған Қытайда сұраныстың азаюы себеп болды (наурыздың басында Қытайда карантин шаралары енгізілді, ал Еуропада ол сәл кейінірек енгізілді). Ресей сол кезде мұнай өндіруді қысқартпау, әліптің артын бағып, бақылау қажет екенін алға тартты. Себебі Қытай халық республикасындағы карантиннің қанша уақытқа созылатыны және вирустың басқа елдерге өту-өтпеуі белгісіз еді.

ОПЕК+ келісіміне мүше елдердің наурыздағы сәтсіз кездесуінен кейін Сауд Арабиясы «баға соғысын» бастады: патшалық оның мұнайын сатып алушыларға елеулі жеңілдіктер бере бастады және мұнай өндіру 1 сәуірден бастап (бұрынғы келісім кезеңі аяқталған кезде) тәулігіне 2 миллион баррельге ұлғайғаны туралы жариялады. Қалған қатысушылар да еркіндік алып, өз өндірісін арттыруға дайындалды. Нәтижесінде мұнай тұтыну көлемі төмендеп және өндірістің өсуі нарықтағы «мінсіз дауылға» және бағаның құлдырауына алып келді. ОПЕК+ 2.0 мәмілесі осындай жағдайда жасалды.

Мұның бәрі келісімнің бірінші кезеңдегі мақсатын түсіну үшін маңызды: кем дегенде мамыр айында. Наурыз-сәуір айындағы мұнай ұсынысының көп болуы әлемдегі мұнай қоймаларын толтыру мәселесін тудырды. Себебі «артық» мұнайдың барлығы сол жерге барды. Ал ұсыныс сұраныстан тәулігіне 20-дан 35 миллион баррельге дейін артты деп бағаланды. Сондықтан ОПЕК+ жаңа келісімі өзіне мұнай қоймаларының толып кетуіне жол бермеу міндетін қойды. Егер олай болмаған жағдайда барлық өндірушіге өндірісті ОПЕК+ шартының талаптарына қарағанда әлдеқайда көп қысқартуына тура келеді, ал мұнай бағасы нөлге дейін құлдырайды.

Мұнай өндіруші елдердің қазіргі келісімі 2016 жылы жасалған алғашқы ОПЕК+ келісімінен ерекше. Ол кезде мұнай бағасын көтеру үшін өндіріс көлемін реттеу туралы сөз болды, өйткені ол кеңейтілген картельге қатысушылардың ешқайсысын қанағаттандырмады.

Тұтыну да, баға да қалпына келді

Маусымның басында мұнай қоймаларының толып кету қаупі айтарлықтай төмендеді, қазір мұндай сценарийді ешкім қарастырмайды. Сондықтан ОПЕК+ мәмілесі осы форматтағы өзінің бірінші міндетін мерзімінен бұрын орындады деп айтуға болады. Өйткені мамыр-маусым айында қатысушылар мұнай өндіру көлемін барынша төмендетеді, ал 1 шілдеден бастап оны біршама ұлғайта алады деп жоспарланды: мамыр – маусым айында тәулігіне 9,7 миллион баррельге, шілде – желтоқсан айында 7,7 миллион баррельге және 2021 жылдың сәуір айына дейін 5,8 миллион баррельге қысқартылады. Алайда ОПЕК+ келісімі жағдайға қарай өзгереді. Қатысушылар бұрын қабылданған шешімдерді жүйелі түрде жинап, түзетеді. Қазір де осылай болды. ОПЕК+ өндіруді барынша қысқарту кезеңі шілде айына дейін ұзартылатыны туралы келісті.  Алайда мұның себебі қоймалардың толып кетуін болдырмау ниетінде жасалып отырған жоқ. Тұтыну қазір жақсы қарқынмен қалпына келіп жатыр. Енді ОПЕК+ қатысушылары бағаны көтеру стратегиясына қайта оралады.

Сауд Арабиясы шілдеде ең көп қысқартуды ұзартуды талап етті. Соңғы айларда патшалықтың мұнай бағасы толғандырмайтыны туралы барлық мәлімдемесіне қарамастан, олар ең тиімді өндірушілер болып саналады, шын мәнінде қымбат мұнай Ресей мен басқа елдерге қарағанда оларға көбірек қажет. Өйткені Халықаралық валюта қорының мәліметіне сәйкес, бір барреліне 80 доллардан асатын бағамен Сауд Арабиясында бюджетте тапшылық жоқ.

Сондай-ақ, Сауд Арабиясына АҚШ-та мұнай бағасын көтеру үшін сланец мұнайын өндірушілерді құтқару үшін қажет. Бағасы бір баррель үшін шамамен 30 доллар болса, бұл жобалардың барлығы тиімсіз болады. АҚШ-та қазір мұнай өндіру көлемі қарқынды қысқарып жатыр, өндіріс тәулігіне шамамен 2 миллион баррельге төмендеді. Бұған биліктің нұсқауы емес, экономика себеп болып отыр.

Ресей бірнеше себеп бойынша қысқарту кезеңін барынша ұзартуға келісті. Біріншіден, бюджет үшін бағаның өсуі тиімді, өйткені әлемдік бағадан экспорттық баж және пайдалы қазбаларды өндіру салығы (ПҚӨС) есептеледі. Мұнай қымбаттаған сайын, соғұрлым бюджет көп болады. Дегенмен мұнай компаниялары көбірек өндіру мүмкіндігіне ие болғысы келуі мүмкін, себебі бағаның артуын мемлекет баж және салық түрінде азайтады.

Екіншіден, Ресей ОПЕК + келісімінің үзілуі бағаның төмендеуіне алып келген наурыздағы жағдайға оралмауы үшін Сауд Арабиясымен қақтығыс тудырған жоқ. Коронавирустан кейін экономиканы қалпына келтіру көп қаржыны талап етеді, сондықтан ресейлік билік бюджет кірістерін тәуекелге байлағысы келмейді.

Оқи отырыңыз: Қазақстан президенті ОПЕК+ келісіміне қатысты пікір білдірді 

Посткеңестік кеңістік елдері жалпы қазіргі ОПЕК + шешімінен ұтады. Қазақстан мен Әзербайжанға мұнай бағасының өсуі оны өндіру көлемін мүмкіндігінше тезірек арттыруға қарағанда маңызды. Беларусьқа қымбат мұнай керек. Ел Ресей мұнайын ауқымды сатып алуға оралды, бұл оған өз МӨЗ-ін толық көлемде жүктеуге мүмкіндік береді. Ал мұнайдың қымбаттауы Еуропадағы мұнай өнімдері бағасының өсуіне әкеледі.

Сондықтан тұтастай алғанда барлық мемлекет үшін ОПЕК+ келісімінің болуы және жоғары бағаларды қолдау мақсатында мұнай өндіруді барынша қысқарту кезеңін ұзарту туралы шешім тиімді болып табылады. Ал осы шешімге қарсы шыққан мұнай компаниялары елеулі шығын көрмейді, себебі олардың қаржы қоры жеткілікті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз