Жамбыл облысында жан түршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты

0

Облыстық Полиция департаменті апат куәгерлерінің хабарласуларын сұрайды.

20-ақпан күні таңғы сағат 7.45 «Тараз-Мырзатай» автожолында, Байзақ ауданының Көктал ауылының бірінші шақырымында жан түршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Nissan Maxima маркалы автокөлігінің жүргізушісі Тараз қаласынан Байзақ ауданының Мырзатай аулына қарай кетіп бара жатып, тізгінге ие бола алмай Audi 80 маркалы автокөлігімен бетпе-бет қақтығыс жасаған. Жойқын соқтығыстың салдарынан Nissan Maxima отқа оранған. Audi 80-нің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында тіл тарпастан ажал құшты», — деп хабарлап отыр облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес сот алды тергеу басталғанын жеткізді. Полиция қызметкерлері ЖКО куәгерлері болса хабарласуларын сұрайды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz