Жамбыл облысында мас азамат полицейге пышақ сұқты – Қазақстан жаңалықтары

0

Жамбыл облысында ішімдікке тойып алған ер азамат полиция қызметкеріне пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жасөспірім ойыннан үзіліс жасауды сұраған әкесін пышақтап өлтірді

Оқиға Жамбыл облысы Тастөбе ауылында болған. Жамбыл аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы ағасы мен інісі арасындағы отбасылық жанжал туралы естіп, дерек хабарлама бойынша айтылған мекен-жайға барыпты. 

«Ауыл тұрғыны мас күйінде полиция қызметкеріне ас үй пышағын сұғып алды. Суық қару полиция қызметкерінің бронежилеті болғандықтан денесіне өтпеген. Ұсталған 49 жастағы ер адам өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының тергеу изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 380-бабы 3-бөлігі 9-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – делінген ресми хабарламада.

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз