Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығарылады

0

Зауыт құрылысын  2020 жылдың желтоқсан айында аяқтап, жыл сайын биофармацевтикалық препараттардың 60 миллион дозасына дейін өндіру жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығарылады, деп хабарлады премьер-министрдің сайты. 

Қордай ауданының Гвардейский қала үлгісіндегі кентінде зауыттың құрылысы басталды.  

«Премьер-министрі Асқар Мамин білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жанындағы вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын бастап берді», – делінген хабарламада.

Зауыт тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандарты бойынша иммунобиологиялық дәрі-дәрмектер, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцина шығарады.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар коронавирусқа қарсы вакцинадан бас тарта ала ма?

«Қазіргі таңда Қазақстан ҒЗИ-ның COVID-19 індетіне қарсы кандидаттық вакцинасы Дүниежүізлік денсаулық сақтау ұйымының тізіміне енгізілген және клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтіп жатыр», – деп нақтылады үкімет сайты.

Сондай-ақ кәсіпорында пандемиялық тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке, ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасына, қой мен ешкінің контагиозды эктимасына, қой шешегіне, құтыруға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар шығарылады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз