Жамбыл облысында ерлі-зайыптының жанжалы екі адамның өлімімен аяқталды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

11 0 0

44 жастағы әйел оқиға орнында қаза болды, ал үш айлық сәби көп ұзамай аудандық ауруханада көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысының Сарыкемер ауылында ер адам 44 жастағы әйел мен оның үш айлық сәбиін қағып кетті. Екеуі де көз жұмды.

Жол апаты 4 наурыз күні түнде болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

«BMW 728» мінген 28 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншілер жолында 44 жастағы әйел мен оның үш айлық сәбиін қағып кетті.

Әйел оқиға орнында қаза болды, ал сәби Байзақ ауданының орталық ауруханасына жеткізілген. Өкінішке қарай, көп ұзамай ол да көз жұмды.

Тексеріс барысында анықталғандай, жол құрғақ болған. Жүргізуші де сау, есірткі шекпеген.

Ұсталған ер адамның айтуынша, апатқа әйелі екеуінің арасындағы жанжал себеп болыпты. Жол үстінде ашуға булыққан ол жылдамдықты шамадан тыс асырғанын мойындады. Алдында келе жатқан көлікті айналып өтпек болғанда, рөлге ие бола алмай, жолдағы жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.

Тағы оқыңыз: Шымкенттегі қанды оқиға: қылмыскер 4 адамды қалай өлтіргенін айтып берді 

Қазір осы фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жүргізуші өз кінәсін толық мойындады, Тараз қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал көлігі арнайы тұраққа қойылды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз