Жамбыл облысында бір отбасын қырып салған қойшыға сот үкімі шықты — новости Казахстана

0

Жамбыл облысында шаруа қожалығының иесін және оның ұлы мен қызын өлтірген қойшыға қатысты сот үкімі шықты. Қылмыскер 21 жылын темір тордың ар жағында өткізеді деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Көрнекі фото: mykharkov.info

Көрнекі фото: mykharkov.info

Оқиға 4 ай бұрын Шу ауданында орын алған.

Таңертен ұйқыдан тұрған шопан қожалықтың иесін балғамен ұрып, содан соң пышақтап өлтірген. Артынша ұйқыда жатқан қожайынның 16-17 жастағы екі баласын да пышақтаған.

Сөйтіп үйдегі ноутбук пен ұялы телефонды алып, ізін суытады.

Тәртіп сақшылары қылмыскерды көп ұзамай қолға түсіріпті.

42 жастағы шопанның бойынан психикалық ауытқуы бар екені анықталды. Ол бұл асқан қатыгездікке жұмыс берушіге ренжіген соң бардым деп ақталған

Айтуынша, қожалықтың иесі оны құлша жұмсап, тепкілеген көрінеді.

«Ол адамдарды өлтіруге ойым болмады дейді. Оның жауаптарымен сот келіспейді, себебі адамды балғамен бастан ұрса, пышақты денесіне тықса, адам өлтіруге ой болмаған деп сенуге болмайды ғой», — деді сот төрағасы Азамат Тілепов.

Дереккөз КТК арнасы


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар