«Жала жабу» қылмыс қатарынан шығарылады – Тоқаев

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Қоғам белсенділері мен құқық қорғаушылардың дені мұны қолдаса, кейбірі бұл норманың сақталуын талап етті

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қылмыстық кодекстің 130-бабы «жала жабуды» қылмыс деп танымау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Мен Қылмыстық кодекстің 130-бабын декриминизациялап, оны Әкімшілік кодекске ауыстыру туралы шешім қабылдадым», – деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Қылмыстық кодекстің 130-бабында көзделген «жала жабуды» қылмыс қатарынан шығару мәселесі ұлттық кеңестің алғашқы отырысында да көтерілген болатын. Қоғам белсенділері мен құқық қорғаушылардың дені мұны қолдаса, кейбірі бұл норманың сақталуын талап етті.

Қолданыстағы Қылмыстық кодексте 130-баптың 1-тармағы бойынша жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер таратқаны үшін 1000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiн айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейiн бас бостандығы шектеледі не сол мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда өлім жазасын алып тастауға дайындық басталады 

Ал көпшiлiк алдында немесе БАҚ, телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет үшін 2 мың АЕК айыппұл, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз