«Жала жабу» қылмыс қатарынан шығарылады – сенат заң қабылдады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Мәжілісмендер  елден шығуға уақытша шектеу қою мерзімін, тәртібі мен негіздерін, оның күшін жоюды қайта қарауды ұсынып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Қазақстанда Қылмыстық кодекстегі «жала жабу» бабы декриминализацияланып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстырылады. Сенат тиісті түзетулер енгізілген заңды екі оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында кейбір заңнамалық актілерге атқарушылық іс жүргізу және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қаралды.

Құжатқа мәжілістің бір топ депутаты бастамашылық жасаған.

Мәжіліс депутаты Асылбек Смағұлов заң жобасында Қылмыстық кодекске бірқатар түзету енгізілетінін атап өтті. Олар ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «жала жабу» бабын қылмыстық сипаттан арылтуға қатысты берген тапсырмасын орындауға бағытталған.

«Осыған орай депутаттар «жала жабуды» Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстыруға бастама жасады. Бұл халықаралық тәжірибеге, яғни Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ыстамбұл іс-қимыл жоспарының ұсынысына сәйкес келеді», – деді Смағұлов.

Сонымен қатар, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік топтық немесе діни араздықты қоздыру үшін жауапкершілікті көздейтін Қылмыстық кодекстің 174-бабына да түзетулер енгізілді.

Атап айтқанда, «қоздыру» сөзі «тұтандыру» сөзімен алмастырылады. Айыппұл жазаның баламалы түрі ретінде енгізіледі.

Сонымен қатар, заң жобасында азаматтардың шетелге шығу жөніндегі Конституциялық құқықтарын қорғау мәселесі қозғалған. Мәжілісмендер  елден шығуға уақытша шектеу қою мерзімін, тәртібі мен негіздерін, оның күшін жоюды қайта қарауды ұсынып отыр.

Бұдан бөлек, өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған, жеке сот орындаушысының ағымдағы шотында уақытша жатқан ақшаны қорғауға бағытталған нормалар енгізілді.

Оқи отырыңыз: «Жала жабу» қылмыс қатарынан шығарылады – Тоқаев

Депутаттың айтуынша, қазір осындай шоттарды бұғаттаудың салдарынан балалар алиментсіз, үлкендер жалақысыз, мертіккен адамдар жәрдемақысыз қалатын жағдайлар кездеседі. Ал бұл, өз кезегінде, жұрттың наразылығын туғызады.

Сенат депутаттары заңды екі оқылымда қарап қабылдады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз