Жағдайы ауыр: Алматыда самокатпен жүрген кішкентай қызды көлік қағып кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда көлік жүргізушісі он жасар қызды қағып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жедел жәрдем

Жол апаты Бұқар жырау көшесінің бойында, Манас көшесіне жетпей болды.

Куәгерлер мен жүргізушінің айтуынша, Volvo автокөлігі ауладан Бұқар жырау көшесіне шыққан. Осы уақытта тротуар бойымен батыс бағытта электросамокатта 10 жасар қыз келе жатқан.

Автокөлік жүргізушісі (әйел) басқа көлікке байланысты баланы байқамай, оны қағып кеткен. Кіішкентай қыз соққыдан асфальтқа құлаған. Нәтижесінде бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Жол полициясы қызметкерлері мен анықтаушылар ЖКО жағдайын анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеді.
 

 

 

stan.kz