Жағдай ушықса, блок-бекеттерді қайта орнатамыз — Қазақстанның көліктегі бас санитар дәрігері — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның көліктегі бас санитар дәрігері еліміздің эпидемиялогиялық жағдайы кұрт нашарлайтын болса, қалалардағы блок-бекеттер қайта қойылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

блок пост

«Блок-бекеттердің көмегі зор болды. Елімізде карантиннің келесі деңгейі басталды. Шектеу шаралары бірте-бірте жеңілдетілуде. Алайда, егер мемлекеттегі эпидемиялогиялық ахуал қайта өршитін болса, блок-бекеттерді қайта орнатамыз. Біз бірқатар облыстарда бақылау пунктерінің қызметін тоқтаттық. Облыс орталықтарындағы бекеттер ғана алынды, қалғандары сол күйде қалды», — деді Байғабұлов. 

Еске салайық, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында блок-бекеттер 1 мамырдан бастап алынып тасталған еді. 

Бұған дейін көліктегі бас санитар дәрігер Қазақстандықтарға халықаралық рейстерге арналған билеттерді сатып алуға кеңес бермейтінін айтқан еді. 

stan.kz