Зерттеуші: Коронавирусқа арналған маскалар инфекцияның қаупін арттыруы мүмкін

0

COVID-19 коронавирус Сиэттел қаласында шықты деп хабарланғаннан-ақ,  елдің бәрі жаппай маска сатып алуға көшті. Тіпті оны үйлеріне тау-тау қылып жинап қойды.  Инфекционист Эли Перенцевич:“Маска адамдарды аурудан қорғайтыны туралы дәлел жоқ”-деген мәлімдеме жасады.  Вирус қолға, көзге, ауызға, мұрынға түскен бактерия арқылы таралатындықтан, үнемі қолды жуып, тазалық сақтап жүрсе жеткілікті дейді. Бүгін де, елдер  «N95» респираторлық маскаларды сатып алып, хирургтердің маскаларын киіп алу арқылы ауруды жұқтырмаймыз деп ойлайды. Сол маскалардың өзін жиі-жиі ауыстырып тұрған күннің өзінде де, бактерия бәрібір таралмай қоймайды. Тіпті маска ауыз қуысына тағылған кезде қолың арқылы келген бактерия маска мен ауыздың арасында жылы жерде көбейіп, ары қарай сені қауіпті дертке ұшыратуы да ықтимал.

Егер сіз жөтеліп, түшкіріп тұрсаңыз, бетперде  киюіңіз керек. Себебі сіздің бактерияларыңыз айналадағы адамдарға таралмас үшін, өзгеге қауіп төндірмес үшін таптырмас құрал.  Мәселен сіз түшкірген кезде, сізден ұшқан тамшылар қасыңыздағы адамның аузына, мұрнына кіріп оны да ауыртып қоюы мүмкін.  Сондай-ақ,  дәрігер Перенцевич ауырып қалған жағдайда отбасыңа қауіп төндірмейтіндей жерге оқшаулануыңыз керек дейді. Онда масканы тастамай, басқа бөлмеде тамақтанып, оқшау бөлмеге жатуыңыз керек дейді.

Көп адам маска мен респираторды ажыратпайды.  Бетпердеге қарағанда  медициналық респиратор бірнеше есе аурудан қорғайды деп ойлайды. Ал шындап келгенде респиратор адамның мұрнына тығыз киіледі де,  салдарынан тыныс алуды ауырлатып, ауыз қуысына кірген бактерияны жылы жерде көбейтуге жағдай туғызып жібереді.  Оны да ауыстырып отырмаса, респиратордың ішінде де бактерия сақталып қалады. Біліп жүріңіздер, бірде-бір респиратор бактерияны жоя алмайды. Бетпердені киген кезде де, шешкен кезде де қолыңызды жуып отырмасаңыз, масканы аузыңызға тағып жатқан кезде жуылмаған қол арқылы да бактерия кіріп кетеді. Және ол маска сізге қажетті ауаны жұтқызбай, ауадан алатын  табиғи дәрумендерден құр қалуыңыз мүмкін. Мәселен адам таза ауамен тыныстау арқылы бактериялары жойылады. Таза ауамен дем алу арқылы басымызға,  миымызға таза ауа жетуі керек. Ал бетпердемен тұмшаланған мұрын мен ауыздан таза ауа бармай, салдарынан бактериялар көбейіп, сізді қайта ауруға ұшыратуы ықтимал. Және бетпердені, респираторларды қалай болса, солай,  әр жерге тастамай  оны қоқысқа лақтыру керек немесе өртеп жіберген тиімді. Сондықтан дәрігерлердің киетін медициналық респираторларына көп жүгіре бермей, қайта сол бетперделерді медицина қызметкерлеріне беру арқылы ақ халаттыларды аман сақтап қаламыз. Ал аман жүрген әрбір дәрігер сіз бен бізді емдейтіні сөзсіз. Сондықтан маска тапшылығын туғызбау үшін  әр нәрсеге жініге бермейік деп- жазды Эли Перенцевич өзіңің твиттер парақшасында.

Мақала түпнұсқасы

Дайындаға: KzNews.kz