Зеленскийге карантин кезінде кафеге барғаны үшін айыппұл салынды — Қазақстан жаңалықтары

0

Украина президенті Владимир Зеленскийге, оның кеңсе меңгерушісі Андрей Ермакқа, елдің бас санитао дәрігері Виктор Ляшкоға және басқаларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

зеленский

Владимир Зеленский Хмельницкий қаласындағы кафеге барып, кофе ішіп, карантинді бұзды. Айыппұл салғаны туралы ол Черниговтегі брифингте журналистерге өзі айтты.

 «Бетпердені шешуге бола ма, солай жақсы естіледі, әйтпесе Хмельницкийдегідей болады, маған айыппұл жазады, негізінен, дұрыс жасады», — деп мәлімдеді президент баспасөзде.

ІІМ баспасөз қызметі әкімшілік хаттамалар кафенің меншік иесіне және оның келушілеріне жасалғанын мәлімдеді. Карантинді бұзғаны үшін айыппұл 17 000-нан 34 000 гривенге дейін (255 мыңнан 510 мың теңгеге дейін).

3 маусымда Зеленский Хмельницкийдегі кеңсесінің мүшелерімен бірге кафеге барып, сонда кофе ішкен, алайда сол уақытта кафенің жұмысына тыйым салынған еді. Келесі күні бас санитар дәрігер Дмитрий Ляшко Зеленскийдің кафеге баруын карантиннің бұзылуы деп санамайтынын мәлімдеді. Зеленский болса, егер бір нәрсе бұзса, айыппұл төлеуге дайын екенін айтты.

stan.kz