Зеленский Порошенкодан үш есе көп дауыс жинады

0

Украина орталық сайлау комиссиясы (ОСК) президент сайлауының екінші турында берілген дауыстың бәрін санап бітті. Комиссия хабарлауынша, актер Владимир Зеленский барлық дауыстың 73,22 пайызын алған. Оны шамамен 13,5 миллион адам қолдаған.

Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенкоға сайлаушылардың 24,45 пайызы — шамамен 4,5 миллион адам дауыс берген.

ОСК 2,31 пайыз дауысты жарамсыз деп тапқан. Екінші турға дауыс беруге азаматтардың 61,37 пайызы келген.

Украинада президент сайлауының екінші кезеңі 21 сәуірде өтті. Жаңа мемлекет басшысы ретінде актер, шоумен Владимир Зеленский сайланған. Қарсыласы Порошенко жеңілгенін мойындағанымен, келер сайлауға қатысатынын мәлімдеді. Зеленский президент қызметіне 3 маусымға дейін кірісуі тиіс.

Azattyq