зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Күдіктілерге Қарағанды облысы бойынша іздеу жарияланды. Ал оқ тиіп жараланған екі азаматтың аяғы сынған

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қарағандының қақ ортасында тал түсте болған атыс салдарынан екі адамға оқ тиіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ktk.kz арнасы.

Қазіргі кезде оқиға орынан із суытқан күдіктілерді полиция тайлы-тұяғы қалмай іздеп жатыр.
Куәгерлер түсірген видеодан екі жігіттің жол ортасында сұлап жатқанын көруге болады. Бірі басын сауғалап, көліктің артына қарай жанталаса жылжығаны байқалады. Оқ атқан адам жалмажан көлігіне қарай жүгірген. Артынша сыбайласы да көлікке мініп, қарасын батырған.

Оқиға куәгерлері жәрдем жетпей тұрып қансырап жатқан жігіттерге көмек беруге тырысқан.

Оқи отырыңыз: Алматы облысындағы ауылда атыс болды: бір адамның мәйіті табылды

Ал атыс болған жер – элиталық тұрғын үй кешенінің алдын полиция қоршауға алды. Бір айта кетерлігі, мұнда бір-бірімен үш көлік соқтығысқан. Оқиға орны жіті тексеріліп, тұрғын үйлерге орнатылған бақылау камераларының жазбалары алынды.

Күдіктілерге Қарағанды облысы бойынша іздеу жарияланды.

Қазіргі кезде оқиға орнынан жедел жәрдем алып кеткен екі жігіттің жағдайы орташа.

«1988 және 1989 жылы туған екі азаматқа оқ тиіп жараланған. Біреуінің бір аяғына, екіншісінің екі аяғына да оқ тиген. Екеуінің де аяғы сынған. Жағдайлары орташа. Есін біледі. Отадан кейін олардан тергеушілер жауап алады», – дейді Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың дәрігері Ерік Шонбаев.



sputniknews.kz