зардап шеккендер туралы тың дерек шықты

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Алматы облысындағы Шамалған станциясында пойыз бен автобустың соқтығысуы салдарынан екі бала зардап шеккен

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек — Sputnik. Шамалған станциясындағы апат салдарынан бір әйел мен екі бала зардап шеккен, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігі өңірдің денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«Әйел мен екі бала зардап шекті», – делінген әкімдік хабарламасында. Бас прокуратура мәліметінше, зардап шеккендердің саны – төртеу.

Соңғы деректерге сүйенсек, қайғылы оқиға салдарынан автобус жүргізушісі көз жұмды.

Алматы облысындағы жантүршігерлік апат

Шамалған станциясы ауданында 15 қыркүйек күні кеші сағат 19.20 кезінде «Екатеринбург-Алматы» жолында апат болды.

Жолаушылар пойызы темір жол өткелінде тұрған автобусқа соғылған. Автобус жүргізушісі сигналға қарамастан, темір жол өткеліне шығып кетіпті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәліметінше, автобуста 67 адам болды. Тергеу жұмыстары басталған.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, өңірде жедел штаб құрылды. Жедел телефон желілері: (87282) 220213, 220018. Сондай-ақ Алматы төтенше жағдайлар департаментінде жедел телефон желісі ұйымдастырылған: (8727) 2782083, 2782084.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз