вирустан 203 адам жазылып шықты

0

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған қырық алты және Атырау облысында жеті адам ауруханадан шықты

АЛМАТЫ, 14 cәуір – Sputnik. Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 203 адамға жетті, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

«Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған 46 науқас, Атырау облысында 7 науқас сауығып, ауруханадан шықты»,- делінген ақпаратта.

Осылайша елімізде 203 адам індеттен жазылды:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 110;
  • Алматы қаласы – 58;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 1;
  • Ақтөбе облысы – 2;
  • Жамбыл облысында -3;
  • Павлодар облысында- 1; 
  • Алматы облысында – 5;
  • Қарағанды облысында – 1;
  • Шымкент қаласында – 2;
  • Атырау облысында – 12;
  • Батыс – Қазақстан облысында -1;
  • Маңғыстау облысында -1;
  • Қызылорда облысында – 2;
  • Ақмола облысында 4 адам жазылды.

Бұған дейін Алматыда сегіз адамның Алматы облысында бір адамның аурудан жазылғаны хабарланды.

«Бүгін Қарасай ауданындағы Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасынан коронавирус диагнозы бойынша ем қабылдағанадам толық емделіп шықты», – делінген Алматы облысы баспасөз қызметінің ақпаратында.

1979 жылы туған әйел 27 наурызда ауруханаға түскен. Науқас белгіленген хаттамаға сәйкес ем алған. Оған 13 сәуірде екінші рет талдау жасалған, нәтижесі теріс болып шықты. 

14 сәуірдегі жағдай бойынша Алматы облысында Covid-19 инфекциясынан екі адам емделіп шықты, екеуі де Қарасай ауданының тұрғыны.

Елімізде ауру 1202 адамның ауру жұқтырған, 14 адам қайтыс болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз