Вице-премьер: Той мен туған күн кештерін тойлауды кейінге шегеруді сұраймыз — Қазақстан жаңалықтары

0

ҚР премьер-министрі Ералы Тоғжанов қазақстандықтарға той мен туған күнге арналған мерекелік жиындарды кейінге қалдыра тұруды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жамбыл облысында енді той кешкі сағат жетіде  басталып, түнгі он екіде аяқталуы тиіс

«Барша қазақстандықтарға мәлімдеме жасағым келеді. Үйлену той, туған күн мен басқа да мерекелер — маңызды оқиғалар. Десек те денсаулық одан да маңызды. Жақын арада жиын өткізбекші болып жатқандар жақсылап ойлануларыңызды сұраймын. Біздің елімізде туыстарын жинап алып, дүркіретіп өткізгенді жақсы көреді ғой», — деді Тоғжанов. 

Бұған қоса ол тойға келетін қонақтардың санын қысқартуға кеңес берді.

«Егер той тойлауды кейінге қалдырсаңыздар, тіпті, жақсы болар еді», — деп қосты ол. 

 

stan.kz