Венгрияда қазақстандық әйелдің коронавирус жұқтырғаны анықталды

0

Қазақстан азаматы Будапештегі ауруханалардың біріне жатқызылған, дәрігерлер әйелдің жағдайын бірқалыпты деп бағалап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Венгрияда қазақстандық әйелдің коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«2020 жылдың 16 наурызда Қазақстанның Венгриядағы елшілігіне біздің бір азаматшамыз Будапешт қаласында коронавирус күдігімен жергілікті ауруханалардың біріне жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жүргізілген медициналық зерттеулердің нәтижесінде дәрігерлердің күдігі расталды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта әйелдің жағдайы бірқалыпты, ол ауруханада емделуде. Бұл жағдайды қазақстандық дипломаттар ерекше бақылауға алды.

Сонымен, қазіргі уақытта екі қазақстандықтың шетелде коронавирус жұқтырғаны белгілі. Бұған дейін Германияда ер адамның ауруханаға жатқызылғаны хабарланған еді.

Коронавирус індеті

Айта кетсек, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда 27 адамнан коронавирус табылды. Оның 11-і Алматыда, қалған 16-сы Нұр-Сұлтан қаласында. Індетке шалдыққандар арасында екі жасар сәби де бар. 

1536 адам стационарлық карантинде, ал 1094 адам үй карантиніне алынған.

Коронавирустың таралуынажол бермеу мақсатында елімізде 16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол 15 сәуірге дейін күшінде болады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз