«Вакциналаудың міндетті болуы – ата-ананы күштеп көндіру емес»: Еліміздің бас санитар дәрігері вакцинация жайлы — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова вакцинация жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық дәрігерлер екпе жасауды ескертеді

«Вакциналау тақырыбы қазір қызу талқыланып жатыр. Бүкіл әлемде вакцина міндетті және ерікті болып екіге бөлінеді. Біздегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексте де вакцина осылай екіге бөлінеді. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясындағы міндетті вакциналар мен кез келген тілек білдіруші салдыратын ерікті вакциналар бар. Шынында да кодекстің 85-бабында ҚР азаматтарының міндетті тізімдегі вакциналарды алу қажеттігі жазылған. Бірақ, вакциналаудың міндетті болуы – ата-ананы күштеп көндіру емес. Ата-ана қаламаса, екпе салынбайды», — деді Есмағамбетова. 

Бұған қоса ол міндетті екпелер медициналық қызметкерлер мен мемлекет үшін маңызды екенін атап өтті. 

«Тағы да қайталаймын, Кодексте кез келген вакциналау, әсіресе кәмелет жасқа толмаған балаларға қатысты медициналық қызметтер ата-ананың немесе заңды өкілдің келісімімен жүргізіледі. Қазір де емханаға барғанда, екпе аларда ақпараттық келісім қағазын толтырамыз. Содан кейін ғана балаға екпе салынады. Немесе ата-ана екпеден бас тартып, вакцинаға сенбеу т.б. сияқты себептерін көрсетіп, құжат толтыруы керек. Бұл ақпарат біз үшін маңызды, біз екпеденбас тартудың себептерін білгіміз келеді. Қорыта айтқанда, ата-аналарға екпе салу мәжбүрленбейді», — дейді бас санитар дәрігер. 

Еске салайық, бұған дейін Есмағамбетова жұмыс беруші тарап қызметкерден коронавирус жұқтырмағаны туралы анықтама талап етуі туралы пікір білдірген еді. 

stan.kz