Ұстаздар зейнетке ерте шығуы мүмкін бе? Педагог мәртебесін көтеру қалай жүзеге асып жатыр? – Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан Ұлттық арнасының «Мәселе» бағдарламасында ұстаздардың жалақысы президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасынан кейін қаншаға көтеріліп, педагог мәртебесін көтеру мәселесі қалай жүріп жатқаны айтылды.

«Бүгін мұғалімдердің жалақысы ең төменгі деңгейде қалып отыр. Экономика бойынша орташа жалақының 65%-ын құрайды. Сондықтан үкіметке білім беру саласына білікті мамандарды тарту үшін және педагогтердің мәртебесін көтеру үшін ұстаздардың жалақысын төрт жылдың ішінде екі есеге көтеруді тапсырсмын»,-деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде. 

Тапсырма үкіметке тамыз айында түскен. Одан бері бес ай өтті. Не нәрсе өзгерді? Ұстаздардың жалақысы нақты қанша пайызға өсті? 

Мұғалімдердің ең төменгі жалақысы 79 000 тг, оның үстіне 25% қосылады, 91 000 тг бір жыл еңбек өтілімі бар мұғалімдерде. Магистр дәрежесі болса 20 000 тг қосылады. 

Қаңтар айынан бастап педагог шеберге лауазымдық жалақысының жалақысының 50%, педагог зерттеушіге 40%, педагог сарапшыға 35%, педагог модераторға жалақысының 30% қосылды.

Бұдан бөлек дәптер тексергені үшін педагогке бұрын қосымша 4400 теңге төленсе, енді бұл сома екі есеге өседі.

«Деңгейлік курстан өткеніме байланысты 100 пайыз қызметақыма қосып алатынмын, ол кезде 200 000-нан аса алатынмын. Енді қазір есеп парағында 25% қосылып, 35 000 теңгедей қосылған. Қалалық жерде жұмыс істеуіме байланысты 33 сағат жұмыс істеймін. Жалақым қазіргі таңда 300 000 теңгеден асып жатыр»,-дейді Әлия Досжанова, Нұр-Сұлтан қаласының №38 мектеп лицейінің физика пәнінің мұғалімі. 

Ал ауылда жұмыс істейтін мұғалімдерге ауылдық квота ретінде жалқысына тағы 25% үстемақы қосылатыны мәлім. Бұған қоса тәлімгер ұстаздарға бір жыл бойы қосымша қаражат төленеді.

Сондай-ақ, мұғалімдер енді жалақысын өздері-ақ есептей алады. Ол үшін мұғалімге Ғылым және білім министрлігі әзірлеген zp.fvr.kz сайтқа кіруі қажет. Бұл жерге жалақы алу мерзімін, лауазымды, санатты, сабақ беру сағатын, ғылыми атақ пен оқу жүктемесін барлығын толық толтырып шығасыз. Кәсіподақ, партия мүшесі болған жағдайда соны белгілеп өтіп, есептеу пернесін басасыз.  Мұғалімдер енді бухгалтер жалақы есептеу кезінде қателік жіберіп, дұрыс есептемеген жағдайда, осы сайт арқылы көріп, тексере алады. 

Мектепте, колледжде сабақ беретін мұғалімдермен бірге балабақшадағы мұғалімдердің жалақысы көбейді. 

Мектеп директоры мен орынбасары жалақылары тек 25 % ғана өскен. Өзге үстемақылар жоқ, бірақ егер олар мектеп аттестациясынан жоғары деңгейде өтсе, қыркүйек айынан бастап жалақыларын көбейту әбден мүмкін.  

Педагог директор бірінші, екінші, жоғары санаттағылар қыркүйек айынан бастап мектеп аттестациясынан ойдағыдай өткен жағдайда: жоғары санатты – 100 пайыз, екінші санатты – 30 пайыз, бірінші санытты – 50 пайызға өседі. 

«Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында сабақ беретін мұғалімдер мен мектептегі мұғалімдерді бөліп қарастырамыз. Шын мәнінде ұстаз ол мектепте де, жоғары оқу орындарында да  – ұстаз»,-дейді Гумилев атындағы ЕҰУ оқытушысы Рамазан Саттарұлы. 

Сондай-ақ, мұғалімдердің зейнетке шығу жасын қысқартуға қатысты мәселелер әлі қолға алынбаған. 

«Педагогтың жалақысы төмен болғандықтан, 55-58 жасына дейін кректі мөлшердіе ақша жинай алмайды деп.

Әр мұғалімге құқық беру керек, ол өзі таңдасын»,-дейді Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы төрағасының орынбасары Айгүл Мақсатқызы.

Мәжіліс депутаты Асылбек Смағұлов елдің экономикасы жақсарып, артқан кезде бұл мәселе заңды түрде қолға алынатынын айтты. 

«Ұстаздарға жеңілдетілген импотекалық бағдарлама бойынша бастапқы жарнасыз төмен пайызбен ипотекалық бағдарлама болса, себебі қазіргі жалақымен ұстаздарға ипотека алу қиындау болып тұр»,-дейді Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы төрағасының орынбасары Айгүл Мақсатқызы.  

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз