Ұстаз беделін түсіргеннен не ұтамыз?

0

Қызылорда облыстық партия филиалы төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен өткен бюро отырысында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру бойынша облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясы жанындағы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, су және жылу жүйелерімен қамтамасыз ету, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайтуды модернизациялау» бағытындағы комиссияның, партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің, партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Денсаулық» бағытындағы комиссияның атқарған жұмыстары тыңдалды.

Бүгінде өңірде «Нұрлы жол» бағдар­ламасы аясында сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту бойынша 22 жоба жүзеге асырылуда. Олардың біреуі Жаңақорған ауданында болса, қалған 21 жоба – бас шаһарда. Қызылорда қала­сындағы 21 жобаның жұмысын жүргізуге 5,2 млрд теңге қаржы бөлінген. Бюджет қаражатын мақсатты жұмсау нәтижесімен 262,1 млн теңге үнемделіп, республи­калық бюджетке қайтарылған. Негізгі қаралған қаржы толық игеріліп, 120,7 шақырым ауызсу, 4,5 шақырым кәріз жүйе­лері және 7,046 жылу желілері жаң­ғыртылса, өңірлерді дамыту бағдар­ламасы аясында сумен қамту және суды бұру бойынша Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария аудандары мен Қызылорда қаласындағы 19 жобаға қаржы қаралып, оның тоғызы аяқталған. Нәтижесінде, 89,9 шақырым ауызсу, 12,1 шақырым кәріз жүйелері жаңартылды, – деді атал­ған комиссия жетекшісі, облыстық мә­слихаттағы «Нұр Отан» партиясы депу­таттық фракция­сының мүшесі Темірхан Әлімқұлов.
Мұнан соң облыстық партия фи­лиалы жанындағы Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғам­дық кеңестің төрағасы, облыстық мәс­лихат хат­шысы Наурызбай Байқадамов хабарлама жасады. Ол өз сөзінде Мемлекет басшысы, партия Төрағасының нұротан­дықтарға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуын бақылап, партиялық мониторинг жасауды тікелей тапсыр­ғанын атап өтіп, қоғамдық кеңес жұмы­сының нәтижелерімен таныстырды. Сондай-ақ жұмысты жетіл­діру бағытын­дағы ұсыныс-пкірлерді ортаға салды.
– Бізде көбіне жұмыс есеп үшін жүргізіледі. Яғни, рационалды ойлаймыз. Ал біз иррационалды шынайы сезіммен ойлағанымыз жөн. Сонда ортақ мүдде жеке мүддеден жоғары тұрады. Бұл бағытта Елбасы бастамасымен жүргізіліп отырған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, қазақ қоғамының дәстүрлі құқықтық мә­дениеті арқылы қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыруға қол жеткіземіз. Құқық­тық мәдениет жоқ жер­де құқықтық жүйе де қауқарсыз. Осы жерде ұлттық ар-ұят, ұлттық намыс түсі­нігінің орны маңыз­ды, – деп атап өтті.
Сонымен қатар кеңес төрағасы халық­тың санасында «ақша бермесең дәрігер сені емдемейді, мұғалім дұрыс білім бермейді, билік мәселеңді шеш­пейді» деген түсініктің қалыптасып бара жат­қандығы азамат­тардың өзін пара беруге итермелеуге ықпал етуі мүм­кіндігін тілге тиек етіп, бұқараға тара­тылатын әрбір ақпараттың қоғамдық санаға әсерін есепке алу қажеттігін алға тартты.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жауапты мекемелер есебінің көбінде сыбайластық жайлаған деп айтылатыны білім, денсаулық, ішкі істер, жергілікті атқарушы билік т.б қызмет­керлері. Бұлармен барлығымыз бай­ла­ны­самыз. Мысалы, білім саласын жама­натты қылып, баламыздың алдында ұс­таз­дың беделін түсіргенде ұтарымыз не? Ал жеке­леген педагог қылмыскер болса, ол адам ретінде жазалануы керек. Ал педагогтік қызметке сай емес әрекеті үшін жазаланса, ол жеке өзі жауап берсін. Неге бір құма­лаққа бола бүкіл бір сала­ның беделін бүлдіреміз, – деді Наурызбай Байқадамов.
Ал партияның сайлауалды бағдар­ламасын жүзеге асыру бойынша «Ден­саулық» бағытындағы комиссияның жұ­мысын егжей-тегжелі баяндаған ай­мақ­тық тәлімгер Нуридин Әмитов жал­пы медицинаға қаржы бөлінуі жағы­нан Сыр өңірінің республика бойынша алдыңғы қатарда екенін атап өтті.
Жиын соңында бюро мүшелері күн тәртібіне сәйкес облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фрак­циясының 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын, фракция мүшелерінің алдағы жылға арналған қабылдау кестесін бекіту туралы шешімдер қабылдады. Яғни, Саяси кеңес бюросы отырысының күн тәрті­біндегі мәселелері толы­ғымен қаралып, қаулылардың жобалары негізге алынды.

Миуа БАЙНАЗАРОВА, Қызылорда облысы

Дереккөз: Айқын

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз